Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазықсыз түрмеге жабылған азамат 27 жылдан соң бостандыққа шықты

Опубликовано:

1
Фото: Lenta.ru

АҚШ-тың Массачусетс штатында кісі өлтірді және қарулы шабуыл жасады деген айыппен жазықсыз сотталған Джеймс Люсьен 27 жылдан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Lenta.ru.

Джеймс Люсьен 1994 жылы 23 жастағы Райан Эдвардсты өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Алайда жуырда Суффолк округінде өткен Жоғарғы сот отырысында оның адвокаты Деннис Туми полицияның тергеуді дұрыс жүргізбегенін мәлімдеп, өз клиентіне тағылған айыптарды алып тастауды талап еткен.

"Біздің апелляциялық шағымымыздың басты дәлелі - алқабилер Люсьенді ақтайтын айғақтарды тыңдамады. Осылайша, оған әділ сот төрелігі құқығы берілмеді", - дейді ол.

"Бұл істе көптеген ағаттыққа жол берілгенін көріп отырмыз", - дейді аудан прокурорының көмекшісі Джин Кемпторн.

Судья тараптарды тыңдай келе Джеймс Люсьенге тағылған айыптарды алып тастаған. Ал Эдвардстың отбасы Люсьеннің босатылуына қарсы шыққан.

"Бұл сұмдық. Ол қазір бостандықта. Менің інімнің өліміне қатысты іс сол күйі тергелмей отыр", - дейді Эдвардстың әпкесі Дион Ричардс.

Ал Джеймс Люсьен 27 жыл бойы бостандыққа шығатын сәтін күткенін айтып, қазір көңіл-күйі тамаша екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1946419-zazyqsyz-turmege-zabylgan-azamat-27-zyldan-son-bostandyqqa-syqty/

pixel