Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы бір күнде 10 рет вакцина салдырған азаматтың басы дауға қалды

Опубликовано:

вакцина алу77
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жаңа Зеландияда коронавирусқа қарсы бір күнде 10 рет вакцина салдырған азамат анықталды, деп хабарлайды gazeta.ru.

БАҚ-тың мәліметінше, ер адам басқа тұрғындар үшін вакцина салдырған және осы үшін ақы алған болуы мүмкін. Себебі, жаңа зеландиялықтар кейбір мекемелер мен қоғамдық орындарға кіру үшін вакцинация сертификатын көрсетуі қажет.

Ал бір күнде бірнеше рет вакцина салдыру үшін әртүрлі вакцинация пунктіне барып, әркез өзін жаңа есіммен таныстырып отырған. Бірақ ақыры соңында оның бұл қулығы әшкере болып, жергілікті билік ер адамды бақылауына алған.

"Бұл жайт бізді алаңдатып отыр. Қазір тиісті мекемелермен жұмыс істеп жатырмыз", - дейді жергілікті билік өкілдері.

Полиция ер адамға қатысты тексерісті бастаған. Мамандар болса, тұрғынның бір күнде қырауар вакицина салдырғанына қарамастан, ода коронавирусқа қарса 100 пайыз иммунитет пайда болмағанын айтады.

Ал медицина қызметкелері бір күнде 10 рет вакцина салдырған азаматтың ағзасында қандай өзгерістер болатынын нақты айта алмай отыр.

Иммунолог Грэма Ле Гродің сөзінше, адам бұдан қайтыс болмауы мүмкін десе де, вакцина дозасы оның көңіл-күйіне әсер етуі ғажап емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1946768-koronavirusqa-qarsy-bir-kunde-10-ret-vakcina-saldyrgan-azamattyn-basy-dauga-qaldy/

pixel