Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қан қысымы көтеріледі": Мұрын бітелгенде қолданылатын спрейлер қандай қауіп тудырады

Опубликовано:

Спрей
Көрнекі фото: pixabay.com

Дәрігер салқын тиген кезде мұрынға себетін спрейлердің қауіптілігі жайлы айтты. Маманның сөзінше, препарат тәуелділікті тудырып қана қоймай, салдарынан жүректе ақау да пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды ren.tv.

Басылымның мәліметінше, Испанияның Сантьяго-де-Компостела қаласындағы ауруханалардың бірінің дәрігері Кристиан Кальво жергілікті El Confidencial газетіне препаратқа тәуелділік қалай туындайтынын айтып берген.

"Алғашқы күндері препарат өте жақсы көмектеседі. Мұрынның шырышты қабаты тарылып, адам еркін тыныс ала бастайды. Алайда препараттың әсері әлсіреген кезде шырышты қабат бұрынғыдан да қатты ісінеді. Сол себепті дәріні қайтадан пайдалануға тура келеді", - дейді Кристиан Кальво.

Сонымен бірге, маман спрейлерді шамадан тыс пайдалану қан қысымының көтерілуіне, инсультқа әкелетінін, сондай-ақ, жүрек-қан тамырлары жүйесіне қауіп төндіретінін атап өтті.

Дәрігердің сөзінше, мұрынға арналған спрейлерді пайдалануды әркім ерік-жігерінің арқасында ғана тоқтата алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1947000-qan-qysymy-koteriledi-muryn-bitelgende-qoldanylatyn-speiler-qandai-qauip-tudyrady/

pixel