Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда тасқа айналған динозавр эмбрионы табылды

Опубликовано:

динозавр
Көрнекі фото: pixabay.com

Ғалымдар шамамен 66 миллион жыл жақсы сақталған динозаврдың эмбрионын тапты. Ол балапан секілді жұмыртқаны жарып шығу алдында болған, деп хабарлайды ВВС.

Басылымның мәліметінше, эмбрион Қытайдың оңтүстігіндегі Ганьчжоу қаласынан табылған. Зерттеушілер оған "Инлян балақай" деген атау берген.

Тасқа айналған эмбрион кездейсоқ табылған. Ондаған жылдар бойы қоймада шаң басып тұрған динозавр жұмыртқаларын зерттеген ғалымдар тобы оның ішінде эмбриондар болуы мүмкін деп күдіктенген. Зерттеушілер тастың бір бөлігін алып тастаған кезде, ішінен "Инлян балақай" шыққан.

Кішкентай динозаврдың басы денесінің астында, аяқтары бүйірінде, арқасы қиғаш орналасқан. Басылымның жазуынша, мұндай позициядағы динозавр эмбриондары бұрын-соңды табылмаған.

Зерттеушілер динозаврдың жасы 72-66 млн жыл деп болжап отыр. Эмбрионды көшкін басып қалып, ол осы уақытқа дейін сақталған болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1948073-qytaida-tasqa-ainalgan-dinozavr-embriony-tabyldy/

pixel