Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша азая түспек": Танымал астролог 2022 жылы әлем елдерін не күтіп тұрғанын айтты

Опубликовано:

Жаңа жыл
Көрнекі сурет: pixabay.com

Танымал астролог Павел Глоба 2022 жыл әлем халқы үшін қалай өтетінін болжап, Клео журналына сұхбат берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Глобаның болжауынша, 2022 жылы қаржылық дағдарыс үдей түседі. Жаңа жылда көптеген елдің экономикасы әлсіреп, тұрғындардың ақшасы азая түспек. Тіпті, күнделікті қажет заттарды алуға ақша таппайтын кездер 2022 жылы жиі кездеспек. Өмір сүру деңгейі айтарлықтай төмендейді. Астрологтың пайымынша, көктем айларында әлем елдерінің экономикасы тұралайды.

Ресейлік жұлдызшы биыл әскери қақтығыстың аз болатынын, әлемдік саясатта жаңа жарқын тұлғалар пайда болатынын айтады.

Сондай-ақ, астролог табиғат апаттарының жиі кездесетінін болжады. Әсіресе, жылдың алғашқы айларында табиғаттың тосын мінезі көп болуы мүмкін. Климаттың аяқ астынан өзгеруі де күтілуде.

Павел Глоба нағыз пандемияның әлі алда екенін ескерткен. Оның айтуынша, алғашқы екі жыл жай ғана дайындық. Астролог вирустардың мутацияға ұшырап, қауіпті жаңа штамдар пайда болатынын болжаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1949591-xalyqta-aqsa-qalmaidy-tanymal-astrolog-2022-zyly-alem-elderin-ne-kutip-turganyn-aitty/

pixel