"Елді үлкен өзгеріс күтіп тұр": Нумеролог жаңа жылдың қандай болатынын болжады

Опубликовано:

22
Көрнекі фото: pixabay.com

Босағадан енген Барыс жылы қазақстандықтар үшін үлкен өзгерістерге толы болмақ. Әсіресе, сәуір айында елімізде елеулі жаңалық болуы мүмкін. Бұл туралы нумеролог Гүлнұр Жолдасова айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Менің болжамым бойынша, елімізді көптеген өзгерістер күтіп тұр. Сәуір айында елімізде біз күтпеген жаңалық болмақ. Негізі, Барыс жылы халқымыз үшін жайлы болады. Астықтан мол өнім аламыз, одан бөлек, қаржылық жағдайымыз мейлінше жақсарады. Бұл жыл елдің жағдайына қатты әсер ететінін айтқан дұрыс.
Сәуір мен қазан арасында елдің әлеуметтік жағдайы айтарлықтай дұрысталады. Коронавирус қаупі әлі де бар, бірақ, соншалықты қатты әсер етпейді. Барыс жылында еліміз аяққа нық тұрады. Үлкен шешімдер қабылданатын жыл. Сондықтан, биылғы жылдан үмітіміз мол", - дейді Гүлнұр Құралқызы.

Нумеролог жаңа жылдың жұлдыздарға қалай әсер ететінін де тарқатып айтты.

"Барыс жылында үш жұлдыз белгісі үлкен табысқа жетеді. Бұлар – Тауешкі, Суқұйғыш және Арыстан. Осы үш жұлдызда туылған жандардың қаржылық жағдайы көтеріледі.

Балықтардың да жағдайын жақсартатын мүмкіндігі бар, тек өз ойымен жұмыс істеуі керек. Егіздерге көп еңбектену керек, оларды артқа тартатын - жалқаулық. Мергендер бірқалыпты өмірге үйреніп қалғандықтан, еш өзгеріс болмауы мүмкін. Тек, жаңа істі бастауы қажет.

Бикештерге бұл жылдың жақсы жаңалықтары көп. Табыстары артады. Көп ойланып қана шешім қабылдайтын Тоқтылар үшін де Барыс жылында шешім қабылдайтын уақыт келді.

Таразылардың қаржылық жағдайы айтарлықтай өзгермейді, оларға көп еңбектену қажет.

Торпақтар өте жайлы өмірді қалайтындықтан, өздеріне не керегін біледі. Олар көбіне оймен жұмыс істейді.

Барыс жылында Шаяндар өз еңбегінің жемісін көреді. Сарышаяндар үшін сәтсіздік жоқ, бәрі бірқалыпты өтеді", - дейді нумеролог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1949638-eldi-ulken-ozgeris-kutip-tur-numerolog-zana-zyldyn-qandai-bolatynyn-bolzady/

jitsu gif