Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбритания коронавирус құжаты мен маска режимінен бас тартты

Опубликовано:

Лондон
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Англияда ковид паспорттары мен қоғамдық орындарда маска кию талаптары жойылатынын жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Келесі аптаның сейсенбісінен бастап (25 қаңтар) міндетті сертификаттау аяқталады, оған сәйкес, ұйымдардың өздері ковид-рұқсатнаманы пайдалану немесе пайдаланбау туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бірақ біз Англияда ковид-сертификаттарды міндетті түрде қолдануды тоқтатамыз. Үкімет бұдан былай үйден жұмыс істеуді талап етпейді. Адамдар жұмыс берушілермен кеңселерге оралу мәселесін талқылауы керек. Министрлер кабинеті енгізілген шектеулердің мерзімі аяқталғаннан кейін үкімет бетперде киюді талап етпейді деген қорытындыға келді", - деді Джонсон парламентте.

Сонымен қатар, Ұлыбритания премьер министрі "омикрон" штамының таралуына байланысты енгізілген "Б" жоспары 25 қаңтардан кейін ұзартылмайтынын және Англия "А"жоспарына қайта оралатынын мәлімдеді.

Одан бөлек, Джонсон жақын арада Ұлыбритания COVID-19-ға суық тию ретінде қарайтынын және өзін-өзі оқшаулаудың міндетті талабын алып тастайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1952095-ulybritaniya-koronavirus-quzaty-men-maska-reziminen-bas-tartty/

pixel