Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиялық суретшінің қоқыстан жасалған шедеврлері әлем назарын аударды

Опубликовано:

Фото
Фото: bigpicture.ru

Қоқыстан ғажайып туындыларды жасайтын түркиялық суретші Дениз Сагдыч өнер сүйер қауымның назарын өзіне аударды. Оның ешкімге қажетсіз қоқыстан жасалған портреттері Стамбұл әуежайының күту залында ілулі тұр, деп жазады bigpicture.ru.

Басылымның мәліметінше, Дениз Сагдыч туындыларында пластик пакеттер мен стақандарды, бөтелкелердің қақпағын, сымдардың қиындылары сынды түрлі заттарды пайдаланған.

Картиналарды жасауға бірнеше ай уақыт кеткен. Дегенмен, бүгінде Стамбұл әуежайының жолаушылары ерекше портреттерді тамашалауға мүмкіндік алған.

Фото
Фото: bigpicture.ru

Дениз Сагдыч көрмесін "Zero Point" деп атаған. Экспозицияның басты тақырыбы - экология мәселесі. Автор туындылары арқылы адамзаттың қоршаған ортаға орасан зиян келтіріп жатқанын көрсеткісі келеді.

Сондай-ақ, Дениз күн сайын көрмеге барып, сұраған адамның бәріне экскурсия жүргізетін көрінеді.

Фото
Фото: bigpicture.ru

"Қоқыс заттар мені жылдар бойы ойландырған еді. Енді мен көрерменмен кездесіп, тұтынушылық туралы сұрақ қою үшін осында келіп тұрамын. 10 картина толығымен Стамбул әуежайының қалдықтарынан жасалды", - дейді Дениз Сагдыч.

Сонымен қатар, басылым бүгінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі коллекционерлер авторлық көрменің аяқталуын асыға күтіп жүргенін хабарлады.

Фото
Фото: bigpicture.ru

Фото
Фото: bigpicture.ru

Фото
Фото: bigpicture.ru

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1952163-turkiyalyq-suretsinin-qoqystan-zasalgan-sedevrleri-alem-nazaryn-audardy/

pixel