Батыс Қазақстан облысының тұрғыны қардан мешіт тұрғызды

Опубликовано:

3
Фото: "Астана" телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Нәдір Қуанаев қардан мешіт тұрғызды. 20 күн бойы қолынан күрегі түспеген жігіт бұл іске үш тоннадай қар жұмсапты, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ақ ұлпадан жасалған мешіт макеті - облыс орталығындағы Орал мешітінің көшірмесі. Жас шебер ғимараттың шыны күмбезі мен оюлы мұнарасын, баспалдақтары мен бағаналарын айнытпай жасап шығарыпты. Мешіттің биіктігі мұнараларымен қоса есептегенде 4 метрге жуықтайды.

"Қар салып-салып, тығыздап, содан кейін күмбезіне қорап құрдым. Бір жағынан ауа райы да кішкене кедергі болды, алдында еріп кетті.

Содан қайтып тұрғызып, қайтып құрадым",- дейді Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаев.

Жас шебер өз туындысын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялапты. Оның бұл ісіне желі қолданушылары тәнті болған. Сәулетші бұған дейін ақ ұлпадан көлік жасаған екен. Ал көлемді ғимаратты алғаш рет жасап отыр.  Енді ақ мешітті түрлі- түсті шамдармен безендірмекші.

Е.Карин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1952447-batys-qazaqstan-oblysynyn-turgyny-qardan-mesit-turgyzdy/