Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Омикрон" жұқтырғандардың 73 пайызында кездескен симптом қандай

Опубликовано:

Емделу
Көрнекі фото: pexels.com

Бангладеште коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырғандардың 73 пайызы бір симптом байқалғанын айтып, шағымданған. Бұл туралы abdnews24 газеті ақпарат таратты.

Олар вирустың тұмауға қатты ұқсайтынын жеткізіпті.

Барлығында бас ауруы, әлсіздік және түшкіру байқалған.

"Біз бұл белгілерге назар аударғанымыз жөн. Өйткені маусымдық тұмауға қатты ұқсап тұр", - деді Бангладештің денсаулық сақтау басқармасының өкілі, профессор Назмул Ислам.

Оның сөзінше, бас ауруы пациенттердің 68 пайызында кездесіп отыр.

Ал вирус жұқтырғандардың 64 пайызы үнемі шаршау сезіміне тап болғанын айтқан.

Сонымен қатар, 60 пайызға жуық адамда тамақ ауруы мен түшкіру белгілері болған.

44 пайызы жөтелгендерін алға тартыпты.

Айта кетейік, бұған дейін отандық дәрігер коровирустың "омикрон" штамы неліктен тез тарайтынын түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1952608-omikron-zuqtyrgandardyn-73-paiyzynda-kezdesken-simptom-qandai/

pixel