Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерніндегі филлерден құтылғысы келген келіншек ауруханадан бір-ақ шықты (фото)

Опубликовано:

Руби
Скриншот: TikTok / @rubyyfrais

Руби есімімен тіркелген TikTok қолданушысы ерніндегі филлерден құтыламын деп ауруханадан бір-ақ шықты, деп жазады The Sun басылымы.

Әдетте әлеуметтік желілерде ернін филлер арқылы үлкейткен арулардың аллергия беру салдарынан ауруханаға түсіп жатқаны туралы ақпарат жарияланып жатады.

Алайда Руби есімді келіншек керісінше ерніндегі филлерден құтылмақ болып, арнайы процедура жасатқан. Алайда процедура жақпай, аллергия беріп, Рубидің ерні одан сайын қатты ісіп кеткен.

Руби
Скриншот: TikTok / @rubyyfrais

Бастапқыда келіншек бұған күле қарап, тіпті бұл жайттың суреттерін желіде жариялаған. Оның бұл жазбасын бір күнде 500 000-нан астам адам көріп үлгерген.

Десе де, мұның арты өлімге әкелуі ғажап емес еді. Келіншекке ақыры ауруханаға жатуға тура келген.

Руби көпшілікке өз қателігін қайталамауға кеңес берді. Ол қандай да бір процедура жасамастан бұрын аллергия бар-жоғын анықтаудың маңызды екенін айтады.

Руби
Скриншот: TikTok / @rubyyfrais

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1952634-ernindegi-fillerden-qutylgysy-kelgen-kelinsek-auruxanadan-bir-aq-syqty-foto/

pixel