Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

70 жыл жуынбай, шалшық су ішіп, шикі ет жеп келген қария жұрттың таңданысын тудырды

Жарияланған күні:

Аму Джаджи
Фото: CEN

70 жылдай жуынбаған Иран тумасы зерттеушілердің таңданысын тудырды. Жылдар бойы денесіне су жолатпаған қарияның денсаулығынан еш кінәрат табылмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Иран тумасы Аму Джаджи 67 жыл бойы жуынбаған екен. Себебі ол суға шомылу оған сәтсіздік әкеліп, түбінде содан өлемін деген пікірде болған.

87 жастағы ирандық тек жайраның шикі етін жеп келген, ал суды шалшықтардан ішуді әдетке айналдырған екен. Десе де оның денсаулығында еш ақау жоқ.

Өзінің ерекше өмір салтына байланысты оның не достары, не жары жоқ. Сүйікті ісінің бірі – жануарлардың көңінен жасалған темекіні шегу. Бұл әрекеті Аму Джаджиді қоғамнан одан сайын алшақтата түсті.

Соған қарамастан, жергілікті тұрғындар оның ерекше өмір салтын ұстануына таңғалғаны соншалық, оған кішігірім үй салып берген екен. Өйткені ол бұған дейін жерде қазылған үңгірде тұрған.

Дейгях ауылында тұратын Джаджиді дәрігерлер толық тексерістен өткізеді. Өмір салтына қарамастан, ақ халаттылар оның денсаулығынан еш кінәрат таппаған.

Мамандар болса тексеріс кезінде қарияның денесінен паразиттің түрлі формасын табамыз деп ойлағандарын жасырмайды. Әйтсе де, тазалықтың жоқтығына қарамастан, Джаджидің бойынан паразит түгілі, ауру белгісі де табылмаған.

Ақыры дәрігерлер оның иммундық жүйесінің мықты дамуына байланысты ешқандай аурумен ауырмаған деген қорытынды жасайды. Сондай-ақ, оны гепатит, ЖИТС-қа тексерсе де трихинеллезаның симптомсыз инфекциясы ғана бар болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1953454-70-zyl-zuynbai-salsyq-su-men-siki-et-zep-kelgen-qariya-zurttyn-tandanysyn-tudyrdy/