Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рубик кубигін жинаудан рекорд орнатқан жасөспірім жеңімпаз атанудың құпиясын ашты

Опубликовано:

Томми
Фото: guinnessworldrecords.com

АҚШ-тың Флорида штатында Рубик кубигін жинаудан World Cubing Association’s жарысы өтті. Жиналғандардың басым бөлігі Томми Черри есімді жасөспірімнің сайысын жіті бақылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі guinnessworldrecords ресми сайтына сілтеме жасап.

Томми 2021 жылдың тамыз айында жұмулы көзбен Рубик кубигін 15,27 секунд ішінде жинап, әлемдік рекорд орнатқан. Енді міне араға бірнеше ай салып ол өз рекордын қайтадан жаңартты. Яғни, бұл жолы ол кубикті 14,67 секунд ішінде, 0,6 секунд айырмашылықпен жинап шықты.

"Маған қолдау білдірген TheCubicle және Moyu-ға алғысымды білдіргім келеді. Олар маған демеуші болып, Рубик кубигін жинаудан көптеген сайыстарға қатысуға мүмкіндік сыйлады. Соның нәтижесінде әлемдік рекорд орнаттым. Сонымен қатар отбасым, достарым және маған жанашыр болған барша жанның қолдауына ризамын", – дейді Томми.

Томмидің кубик жинаумен айланысып келе жатқанына 6,5 жыл уақыт болды. Оның айтуынша, ол кубик жинауды 2015 жылы үйренген. Кубикті жинаудың қыр-сырын меңгере отырып, ол оны жұмулы көзбен жинап көруге талпынады.

Томми
Фото: guinnessworldrecords.com

Ең алғашында оған байлаулы көзбен кубикті жинау үшін 8 минут уақыт кеткен. Томми бұнымен тоқтап қалмай, өзін одан әрі дамыта түседі.

Десе де, Томми әу баста әлемдік рекорд орнатамын деп ойламаған көрінеді. Күнделікті жаттығуларының арқасында қолының жылдамдығы да артқанын байқаған ол, рекорд орнатуға жақын екенін түсінеді.

Ендігі кезекте Томми өз рекордын қайтадан жаңарта алатынына сенімді. Ол Гиннестің рекордтар кітабына еніп, рекордшы болғысы келетін жандарға таңдаған бағытын барынша жақсы көруге кеңес берді. Сонда ғана күнделікті жаттығу өз нәтижесін береді дейді Томми.

Жасөспірім нәтиже ойдағыдай болмай шықса, қапаланудың қажеті жоқ екенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1953481-rubik-kubigin-zinaudan-rekord-ornatqan-zasospirim-zenimpaz-atanudyn-qupiyasyn-asty-video/

pixel