Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір минутта кеудені жерден көтеру жаттығуын 109 рет жасаған үндістандық жігіт әлемді таңғалдырды

Опубликовано:

Үндістан спортшысы Тунаоджам. Фото
Үндістан спортшысы Тунаоджам. Фото: indianexpress.com

Үндістанның Манипур қалашығының 24 жастағы тумасы Тунаоджам Ниранджой Сингх кеудені жерден көтеру бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі The Indian Exspress басылымына сілтеме жасап.

Манипурлық 24 жастағы жігіт бір минут ішінде кеудесін жерден 109 рет көтеріп, әлемдік рекордты жаңартты. Бұл жайт Импхалда AztecsFight студиясының ұйымдастыруымен өткен шарада болған.

Тіпті оның кеудені жерден көтеріп жатқан видеосын әділет министрі Кирен Риджиджу өзінің Twitter парақшасында жариялаған. Видеода оның қатты жылдамдықпен жерден кеудесін көтеріп жатқанын байқауға болады.

"Манипурлық жігіт Ниранджой Сингхтың күшіне сөз жоқ. Ол бір минут ішінде кеудені жерден көтеру бойынша Гиннес рекордын жаңартты. Мен оның бұл жетістігімен мақтанамын", – деп жазған министр.

Айта кетерлігі, видео аз уақыттың ішінде әлеуметтік желіде тарап үлгерген. Дәл қазіргі уақытта оны 14 мыңнан аса оқырман көрген. Барлығы Синхты оның жеткен жетістігімен құттықтап жатыр.

"Мұндай адамдар гимнастикамен айналысуы керек. Біз мұндай икемді және ақылды адамдардың арқасында Олимпиадалық ойындарға қатыса аламыз. Енді ол рекорд орнатқан соң, ары қарай даму үшін керектінің барлығын алады", – деп желі қолданушысы Джай Хо өз пікірін қалдырған.

Ниранджой Сингхтың рекордты жаңартып тұрғаны бірінші рет емес. Бұған дейін ол бұл жаттығуды бір қолымен жасап, рекорд жаңартқан болатын. Ол бір қолымен 67 рет көтерілген.

Айта кетерлігі, ол 2019 жылы бір минут ішінде 37 рет бір қол және бір аяқпен жерден көтеріліп, әлемдік рекортты жаңартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1953842-bir-minutta-keudeni-zerden-koteru-zattyguyn-109-ret-zasagan-undistandyq-zigit-alemdi-tangaldyrdy/

pixel