Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италияда екпе алмағандар айыппұл төлейтін болды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Италияда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Енді мұнда COVID төлқұжаты жоқ азаматтар тек азық-түлік сататын дүкенге, дәріхана мен зоодүкендерге ғана кіре алады.

Басқа қоғамдық орындарға баруы шектелген. Одан бөлек 10-шы ақпанға дейін далада бетперде киіп жүру міндет.

Би алаңдары да осы уақытқа дейін жабық болады. Сондай-ақ, екпе салдырмағандарға қатысты ережелер қатаңдатылды. Енді жасы 50-ден асқан тұрғын вакцина алмаса, 100 еуро айыппұл төлейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1954386-italiyada-ekpe-almagandar-aiyppul-toleitin-boldy/

pixel