Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда коронавирус жұқтырған тұрғын үшін бір топ адам супермаркетке қамалды

Опубликовано:

Дүкендегі карантин
Дүкендегі карантин. Кадр: видеодан

Қытайда супермаркетке келушілердің бірінен коронавирус ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткені анықталып, салдарынан ғимарат ішіндегі барлық адам карантинге жабылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Свежести" телеграм-каналына сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, дүкенді ішіндегі барлық адамдармен қоса карантинге жауып тастаған.

Басылымның хабарлауынша, қазіргі таңда жергілікті тұрғындар азық-түлік сөрелері арасында еденде ұйықтауға мәжбүр. Видеодан кей келушілерге төсек бұйырғанын да көруге болады.

Мұндай қатаң карантин талаптарын Қытай билігі елде Олимпиада ойындарының өтіп жатқанына байланысты енгізген.

Еске салсақ, Қытай астанасында ішінде қызметкерлері бар жұмыс ғимараты карантинге жабылған болатын. Себебі қызметкерлердің бірінен омикрон штамы анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1954873-qytaida-koronavirus-anyqtalgan-turgyn-usin-bir-top-adamdy-supermarketke-qamap-tastady/

pixel