Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стилистер көп қаражат жұмсамай-ақ сәнді көрінудің құпиясын ашты

Опубликовано:

Сән
Көрнекі фото: Pexels

Who What Wear порталының стилистері көп ақша жұмсамай-ақ сәнді көрінудің құпиясын ашты, деп хабарлайды Lenta.ru.

Сән редакторлары гардеробтағы бюджеттік киімдердің көмегімен оңай қайталауға болатын трендтегі 11 киімнің топтамасын жасады.

Солардың бірі ретінде олар біртүсті трикотаж жемпір, макси-белдемше мен биік өкшелі ботфортты ұсынды.

Ал жайтабан аяқ киімді ұнататындарға трикотаж көйлек пен кроссовка киюге кеңес берді.

Одан бөлек, мамандар ақшыл сары түсті пальто мен ақ шалбарды, ашық түсті водолазка мен жағасы бар қатты матадан тігілген жекетті үйлестіріп киіп те, сәнді көрінуге болатынын айтады.

Стилистердің пікірінше, киімдегі кей элементтер сәнді көрінуге септігін тигізеді. Сол себепті олар ерекше принт түскен қысқа белдемшелер мен түймесі бар жейделерді бірге киюді ұсынады.

Сондай-ақ, мамандар француз стиліндегі образды жасау үшін көк түсті жейдені кең джинсымен киген жөн дейді.

Сонымен бірге, Who What Wear стилистері кең шалбарды тоқылған кардигандармен, оверсайз пиджактарды миди-көйлекпен, джинсы комбинезонды лофермен киюге кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1955375-stilester-kop-qarazat-zumsamai-aq-sandi-korinudin-qupiyasyn-asty/

pixel