Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер астында орналасқан 5 ерекше қонақ үй жайлы не білеміз

Опубликовано:

Қонақ үй
Фото: instagram.com/hoteisnomundo

Әлемде көпшілік біле бермейтін таңғажайып ғимараттар жетерлік. Солардың бірі - жер астында орналасқан қонақ үйлер. Бұл ерекше әсерге бөленіп, тыныш қана демалғысы келгендер үшін таптырмас орын. Өйткені, мұнда ұялы байланыс жоқ, тіпті қонақ үй бөлмелеріне күн түспейді. Осы ретте KAZ.NUR.KZ тілшісі жер астында орналасқан қонақ үйлердің тізімін жасады.

Швейцариядағы La Claustra қонақ үйі

Швейцарияның Альпі тауындағы Сент-Готхард асуы ауданында көпшіліктен жасырын тұрған бұрынғы әскери бункер бар. Тау жотасында орналасқан бункер бүгінде 17 бөлмеден тұратын La Claustra деп аталатын қонақ үйге айналған.

Бұрынғы бункерде қонақ үй нөмірлерінен бөлек, мейрамхана, джакузи, бассейн мен жаттығу залы да бар. Дегенмен, мұнда интернет желісі жоқ және теледидар да көру мүмкін емес.

Қонақ үй иелерінің сөзінше, мұндағы ұзын туннельдерде түнде елестер кезіп жүреді. Бұл туристердің көптеп келуіне бірден бір себеп екен.

Жаңа Зеландиядағы Woodlyn Park қонақ үйі

Қонақ үй Вайтомо-Кейвс ауданында орналасқан. Бұл ғимараттың есік-терезелері дөңгелек пішінде жасалған. Нөмірлердегі интерьер қарапайым, бірақ өте жайлы.

Қытайдағы InterContinental Shanghai Wonderland қонақ үйі

Шанхай қаласына жақын жерде орналасқан қонақ үй 2018 жылы ашылған. Жердің үстінде ғимараттың екі қабаты ғана бар, басқа қабаттар жер астында орналасқан. Мұнда жайлы нөмірлер, мейрамханалар, жабық бассейндер, фитнес және спа-орталықтар бар.

Польшадағы тұзды шахтада орналасқан қонақ үй

Кракова қаласы маңындағы шахта өзінің емдік тұзымен танымал. Кен орны ХІІІ ғасырда ашылған. Бүгінде шахта жер астындағы қалаға айналып үлгерген. Бұл жердегі көптеген туннель мен зал туристердің сүйікті орны.

Швециядағы Sala Silvermine қонақ үйі

Жерасты қонақ үйі Сала қаласындағы күміс кенішінде орналасқан. Шахтерлердің бағалы металды алу үшін 300 метрге дейін төмен түсуіне тура келген. Туннельдердің жалпы ұзындығы 20 шақырымға жетеді.

Қонақ үйде екі адамға есептелген бір ғана нөмір бар. Ал келушілер қызметкерлермен рация арқылы сөйлеседі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1957109-zer-astynda-ornalasqan-5-erekse-qonaq-ui-zaily-ne-bilemiz/

pixel