Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция іске қосылмақ

Опубликовано:

Ватсап
Көрнекі фото: pixabay.com

WhatsApp қолданушылары енді әңгімелесушінің хабарламасына реакциясын жаңа әдіспен білдіре алады, деп хабарлайды РИА Новости WABetaInfo порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, мессенджер қолданушылары хабарламаға арнайы мәзір арқылы смайлик түріндегі реакция қалдыра алады.

Оны ашу үшін хабарламаның оң жақ бұрышына тінтуірді апарған кезде пайда болатын белгіні басу керек.

Дегенмен, басылым бұл опциялар мессенджердің компьютерге арналған және бета нұсқасы үшін қол жетімді екенін, қарапайым пайдаланушылар оны тиісті жаңартулардан кейін қолдана алатынын хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде хабарламаларды автоматты түрде өшіруге болатын таймер іске қосылғанын жазған едік.

Баптауларда жаңа чаттардағы хабарламалар жіберілгеннен кейін 24 сағаттан, бір аптадан немесе 90 күннен соң автоматты түрде жойылатын опцияны іске қосуға болады.

Мерзімін әркім өз қалауынша көрсете алады. Алайда бұл өзгеріс ескі және топтық чаттарға енгізілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1959262-whatsapp-messendzerinde-zana-funkciya-iske-qosylmaq/

pixel