Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуін жазаламақ болған әйел оны құрылыс алаңында іліп қойды

Опубликовано:

Күйеуі әйелін ілмекке іліп кетті
Фото: www.scmp.com

Қытай тұрғыны күйеуін жазаламақ болып құрылыс алаңына іліп қойды. Әйелдің айтуынша, ол жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған екен. Бұл туралы South China Morning басылымына сілтеме жасай отырып "Газета.ру" жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қытай баспасөзінің ақпаратына сүйенсек, Хуань провинциясынан шыққан Ли тегіндегі әйел мен оның кұйеуі бір фирмада қызмет атқарады. Бұл компания ғимараттарды жөндеумен айналысады. Сол себепті, күйеуі көп уақытын құрылыс алаңында өткізеді екен.

Әйелі әріптестерінен күйеуінің қауіпсіздік шараларын сақтамай жұмыс істейтінін естиді. Сол кезде ол жолдасының бұл әрекеті өзіне сабақ болсын деп шешіп, жаза ретінде оны ғимараттағы арнайы ілмекке іліп кетеді.

"Мүны естігенде, алаңдадым. Сол кезде қалың қар жауды. Мен болсам оны ілмекке 20-30 минутқа іліп кеттім", - дейді әйел.

Басылымның жазуынша, осы оқиғадан кейін күйеуі сақтандыру арқандарын пайдалана бастаған екен.

Жазбаға желі қолданушылары: "Бұл - нағыз махаббат. Әйтпесе ол (әйелі) бұлай жасамас еді", - деген сынды пікірлер қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1959268-kuieuin-zazalamaq-bolgan-aiel-ony-qurylys-alanynda-ilip-qoidy/

pixel