Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан-2022: Имам қандай жағдайда ораза бұзылмайтынын айтты

Опубликовано:

Ораза
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Санаулы күндерден соң қасиетті Рамазан айы басталады. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары - наиб мүфти Ершат қажы Оңғар қандай жағдайда ораза бұзылмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, ел тұрғындары осы сұрақты жиі қояды.

Ершат қажы Оңғар "төмендегі әрекеттер оразаны бұзбайды" дейді.

  • Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек.
  • Құлаққа су кіру, темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды.
  • Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Алайда тамаққа кетпеуін қадағалау қажет.
  • Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек.
  • Қан алдыру немесе сүлік салдыру; көзге, құлаққа дәрі тамызу, мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды.

Сонымен қатар наиб мүфти тісті жуғанда қандай жағдайда ораза бұзылатынын сөз етті. 

"Тіс пастасы ішке кетіп қалса, бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тіс жуу. Ал тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт", - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 

  • 2 мамыр – Ораза айт күні.
  • 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1962522-ramazan-2022-imam-qandai-zagdaida-oraza-buzylmaitynyn-aitty/