Отандық психолог сериалды көп қарайтын адамдар туралы пікір білдірді

Опубликовано:

теледидар көріп отыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Психолог Арайлым Тоқсанбаева сериалды көп қарайтын адамдар туралы пікір білдірді. Оның сөзінше, бұндай адамдар ішкі әлеміне не қажет етенінін анық білмеуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Арайлым Тоқсанбаева "ақпараттық заманда жасөспірімдерге кино мен сериалдарды көп қарауына бірінші кезекте жарнама әсер етеді" деген пікірде.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта неше түрлі әр адамның эмоциясын туғызатын жарнамалар бар. Ең өкініштісі, жасөспірім не одан кіші жастағы балалар не көріп жатқанын ой елегінен өткізіп, саралап жатпайды, дейді маман.

Отандық психолог кино туындыларын қараудың оң тұстары көп екенін, алайда тым көп уақыт өткізу зиян әдет қалыптастыратынын жеткізді.

"Өте көп қарайтын адамдар ең алдымен өз уақытын үнемсіз жоғалтады. Күн тәртібі сақталмай, әдетке айналдыруы мүмкін. Мұндай адамдар өз ішкі әлеміне не қажет етенінін анық білмеуі ықтимал.

Сонымен қатар кейбір адамдар өз өміріне көңілі толмаса, сол фильмдер арқылы өздеріне қандай да бір толықтырулар алады", - дейді Арайлым Тоқсанбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1963406-otandyq-psixolog-serialdy-kop-qaraityn-adamdar-turaly-pikir-bildirdi/