Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдарды мультфильм кейіпкеріне айналдыратын суретші көптің назарын өзіне аударды

Опубликовано:

Хулио Сезардың жұмысы
Фото: bigpicture.ru

Бразилиялық суретші Хулио Сезар қарапайым адамдарды мультфильм кейіпкерлеріне айналдырады. Бүгінде оған өзінің суретін арнайы тапсырыспен салдыртатындар көбейген, деп хабарлайды Bigpicture.ru.

Басылымның жазуынша, Хулио Сезар мультфильм кейіпкерлерінің суретін салғанды ұнатады. Өз ойынан құрастырғаннан бөлек, ол әлеуметтік желідегі кез келген адамның суретін мультфильм кейіпкеріне айналдырып жібереді.

Хулио Сезардың жұмысы
Фото: bigpicture.ru

Көбінесе, суретші өзінің жұмысын Instagram парақшасында жариялап отырады. Бүгінде оның желіде 252 мың оқырманы бар.

Хулио Сезардың жұмысы
Фото: bigpicture.ru

Жалпы, Хулионың портреттері түрлі-түстілігімен және шынайылығымен ерекшеленеді. Ол фотоның түпнұсқасы мен өзі салған суретте аса айырмашылық болмауына мән береді.

Хулио Сезардың жұмысы
Фото: bigpicture.ru

Адамдарды мультфильм кейіпкерлеріне айналдыру өнері көпшілікке ұнағаны соншалықты, қазіргі таңда бразилиялық суретшіге тапсырыс жиі түсетін көрінеді.

Хулио Сезардың жұмысы
Фото: bigpicture.ru

Хулио Сезардың жұмысы
Фото: bigpicture.ru

Еске сала кетсек, бұған дейін қоқыстан ғажайып туындыларды жасайтын түркиялық суретші Дениз Сагдыч өнер сүйер қауымның назарын өзіне аударғанын жазған едік.

Дениз Сагдыч туындыларында пластик пакеттер мен стақандар, бөтелкелердің қақпағы, сымдардың қиындылары сынды түрлі заттарды пайдаланады.

Картиналарды жасауға бірнеше ай уақыт кетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1964680-adamdardy-multfilm-keiipkerine-ainaldyratyn-suretsi-koptin-nazaryn-ozine-audardy/

pixel