Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз жұмысымды жақсы көремін": 84 жыл бір компанияда жұмыс істеген қария әлемдік рекорд орнатты (видео)

Опубликовано:

Уолтер Ортманн
Уолтер Ортманн. Видеодан кадр: "Хабар 24" арнасы

100 жастағы бразилиялық қария бір компанияда 84 жыл жұмыс істеп, әлемдік рекорд орнатты. Жұмысына деген адалдығы үшін ол Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Уолтер Ортманн өз мансабын жергілікті тоқыма компаниясында тауарларды жөнелту бойынша көмекші ретінде бастаған.

Қазір ол сату менеджері болып жұмыс істейді.

Қария қартайғанына қарамастан, әлі тың. Ол көлікті өзі жүргізеді және мансабын жалғастыруды жоспарлап жүр.

"Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Сол себепті уақыттың қалай өткенін де байқамай қаламын. Зейнетке шықсам өмірім қызықсыз болып кететіндей. Денсаулығым жақсы, әрі қарай жұмыс істей беруді ойлап жүрмін", - дейді Уолтер Ортманн.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазақ титан" лақап атымен танымал алматылық Алмат Жұманов 24,5 тонналық әскери ұшақты сүйреп, Қазақстанның рекордтар кітабына енгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1966374-84-zyl-bir-kompaniyada-zumys-istegen-aqsaqal-alemdik-rekord-ornatty/