Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саяхатшы мысық желіде "жұлдыз" болды

Опубликовано:

Сигрид иесімен Лондон көшелерін кезіп жүр
Сигрид иесімен. Видеодан кадр: instagram.com/skintension

Сигрид атты саяхатшы мысық желіде "жұлдыз" болуда. Иесі екеуі велосипедпен Лондон көшелерін кезіп жүрген видео бүгінде миллиондаған қаралым жинаған, деп хабарлайды Хабар24.

Қазір жарасымды "жұптың" Instagram-дағы парақшасында 100 мыңнан астам оқырман бар. Ал Тик-ток желісіндегі көрермені 2 есе көп.

Үй жануары иесінің айтуынша, серуенге шығар алдында ол мысығының құлағына үнемі күннен қорғайтын крем жағады екен.

Ал желді күндері көзілдірік тағатын көрінеді.

Жалпы бұл "жұпқа" тәнті болғандардың қатарында қарапайым азаматтар ғана емес, әлемдік брендтер де бар. Сондықтан болар, әйгілі мысыққа арнайы сыйлықтар жібере бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1967645-sayaxatsy-mysyq-zelide-zuldyz-boldy-video/

pixel