Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

112 жастағы әлемдегі ең қарт ер адам туралы не білеміз

Опубликовано:

бір ғасырдан астам ғұмыцр кешкен қария
Видеодан кадр: Guinness World Records / YouTube

Гиннестің рекордтар кітабына 112 жастағы Венесуэла тұрғыны Хуан Винсенте Мораның есімі енді. Ол - әлемдегі ең қарт ер адам, деп хабарлайды Lenta.ru.

Мора 1909 жылы 27 мамырда көп балалы отбасында дүниеге келген.

Ол ұзақ жылдар бойы жеке шаруашылықпен айналысып, 104 жасында жерін сатып жіберді.

Венесуэлалық 1937 жылы отау құрған. Оның әйелі 1997 жылы өмірден өткен. Ерлі-зайыптылар 11 баласынан 41 немере, 18 шөбере, 12 шөпшек сүйді.

Мора әрбір таңын отбасымен таңғы ас ішіп бастайтынын жеткізді. Ол католик дінінің өкілі және күн сайын құлшылық етуді әдетке айналдырған.

Ғасырдан астам ғұмыр кешкен қария осы өмірден не түйгенін жасырмай айтты.

"Құдайға деген сүйіспеншілік, отбасына деген сүйіспеншілік және жұмысқа ерте тұру керек". - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1970030-112-zastagy-alemdegi-en-qart-er-adam-turaly-ne-bilemiz-video/

pixel