Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында екі аяқты құлын туды (видео)

Опубликовано:

құлын
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі аяқты құлын туды. Төлдің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Астана арнасы.

Ветеринар мамандардың айтуынша бейнежазбадағы құлынның туғанына 2-3 күн ғана болған. Алайда қожайыны төлді мал дәрігерін шақырып қаратпаған.

Ал мамандар мұндай кемтар төлдің туылуына экологияның нашарлығы немесе айғырдың өз қанынан туған малға шабуы себеп болуы мүмкін екенін айтады.

Десе де мұндай жағдай мыңның бірінде ғана кездеседі дейді олар.

"Ауылдағы маман бұл құлынды көрмеген. Бұл полигонның зардабы ма, генетикалық зардап па белгісіз. Сондықтан не жағдай екенін нақты жауап айта алмаймын. Лабораторияның қорытындысы, ешқандай материал тапсырылған жоқ", - дейді Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық ветеринариялық бекетінің басшысы Аян Міржақыпов.

Материал авторы: А. Қуаш

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1970685-qaragandy-oblysynda-eki-ayaqty-qulyn-tudy-video/

pixel