Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінен 54 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан 77 жастағы әжей көптің назарына ілікті

Опубликовано:

Альмеда мен Гэри
Альмеда мен Гэри. Фото: instagram.com/garyandalmeda

АҚШ-тың Теннесси штатында 77 жастағы Альмеда Хардвик өзінен 54 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан. Әжей сүйіктісімен өз ұлының жерлеуінде танысқан екен, деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның жазуынша, ерлі-зайыптылар 2015 жылы алғаш рет кездескен. Сол кезде әйел 71 жаста, ал Гэри Хардвик 17 жаста болған.

Альмеда мен Гэри
Фото: instagram.com/garyandalmeda

Содан кейін олар күн сайын кездесіп, тіпті жігіт сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған. Ер адам 18 жасқа толғаннан кейін ғашықтар шаңырақ көтерген. Үйлену тойынан кейін Гэри әйелінің үйіне көшіп келген.

Альмеда мен Гэри
Фото: instagram.com/garyandalmeda

Сөздерінше, бірге болған егіз жылдың ішінде екеуінің басынан небір оқиғалар өткен. Тіпті, Альмеда жүрек талмасынан аман қалыпты. Бұған қарамастан олар әлі күнге дейін бірге екенін айтады.

Альмеда мен Гэри
Фото: instagram.com/garyandalmeda

Гэридің айтуынша, оған ешқашан жас қыздар ұнаман екен. Жасөспірім кезінен-ақ өзінен үлкен әйелдерге аңсары ауған.

Альмеда мен Гэри
Фото: instagram.com/garyandalmeda

Бүгінде жұбайлар әлеуметтік желіде парақшалар жүргізіп, сол арқылы табыс та тауып отырғанын жасырмайды.

Альмеда мен Гэри
Фото: instagram.com/garyandalmeda

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1970913-ozinen-54-zas-kisi-zigitke-turmysqa-syqqan-77-zastagy-azei-koptin-nazaryna-ilikti-foto/

pixel