Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай тұрғыны өз иттеріне шағын сарай мен ойын-сауық саябағын салып берді

Опубликовано:

Ит
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қытайда кәсіпкер итеріне арнап зәулім сарай мен ойын-сауық саябағын салып берді. Ол идеясын жүзеге асыруға 340 мың юань жұмсаған, деп хабарлайды Odditycentral.com.

Шағын үйде ойыншық көліктер, кондиционер, теледидар, кинопроектор, су диспенсері, аң терісіне арналған кептіргіш, лифт, сонымен қатар жеке дәретхана бар.

Ал иттерге арналған ойын-сауық саябағында әткеншектерді, бассейн мен дискотека алаңын, мини аттракциондар мен шағын пойызды көруге болады.

Чжоу есімді ер адам өз иттеріне үй салуды 2019 жылы бастаған. Осылайша, шағын сарай құрылысы үш жылға созылған.

Кәсіпкер үй жануарларына сарайды осыған дейін де салған екен. Дегенмен оған көпшілік сыни пікір айтып, үйді иттерге қолайлы ету үшін тағы бірнеше түзету енгізу қажет екенін жеткізген. Осылайша, қытайлық алғашқы жобасына 200-ден аса өзгеріс енгізген көрінеді.

Бұл жолы иттерге арналған шағын үй көпшіліктің көңілінен шыққан. Бірақ кейбір желі қолданушылары Чжоу бақуатты жанұяда өскендіктен, ақшаны бос жұмсайтынын айтқан.

Ал Чжоу қымбат киім сатып алудың орнына қаржатын үй жануарларына жұмсағаныды құп көретінін мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1970928-qytai-turgyny-oz-itterine-sagyn-sarai-men-oiyn-sauyq-sayabagyn-salyp-berdi/

pixel