WhatsApp-та Android қолданушылары үшін жаңа функция іске қосылады
Опубликовано:

Meta компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болатынын мәлімдеді.
Марк Цукерберг WhatsApp-та пайдаланушыларға Android смартфонынан iOS құрылғыларына хабарламаларды тасымалдауға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылатынын мәлімдеді.
Цукерберг бұл өзгерісті көпшілік асыға күткенін айтты.
"Біз WhatsApp-қа Android және iOS құрылғылары арасында хаттарды, фотосуреттерді, бейнежазбалар мен дыбыстық хабарламаларды қауіпсіз тасымалдау мүмкіндігін қосамыз", - деді ол.
Meta негізін қалаушы өткен жылы iPhone-нан Android-қа хабарламаларды тасымалдау функциясы іске қосылғанын атап өтті. Енді Android-тан iPhone-ға деректерді беру мүмкіндігі пайда болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1974123-whatsapp-ta-android-qoldanusylary-usin-zana-funkciya-paida-bolady/