Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мексикада қала мэрі қолтырауынға "үйленді" (видео)

Опубликовано:

аллигатор
Көрнекі фото: pixabay.com

Мексикада Сан-Педро-Уамелула деп аталатын шағын қаланың мэрі аллигаторға "үйленді". Бұл дәстүрдің жалғасып келе жатқанына 300 жыл, деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарнаның мәліметінше, дәстүр бойынша жыл сайын мексикалық қала басшылары қолтырауынға "үйленді".

Жергіліктің тұрғындардың сенімінше, мұндай рәсімнен кейін егін бітік шығып, астық мол болады. Себебі олар аллигатордың ұрғашысын Жер-анаға теңейді. Ал оның жергілікті көсеммен үйленуі адамдарды құдаймен байланыстырады деп санайды.

"Жергілікті тұрғындар үшін бұл маңызды мерекенің бірі. Мен өзімнің тегімді және осы бір тамаша мерекені мақтан тұтамын", - дейді тұрғын Элия Эдит Агилар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1976816-meksikada-qala-meri-qoltyrauynga-uilendi-video/

pixel