Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

86 жастағы америкалық әйел әлемдегі ең кәрі стюардесса ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді

Опубликовано:

Бэтт Нэш
Бэтт Нэш. Фото: Boston globe

Авиация саласында 65 жыл бойы үзіліссіз жұмыс істеп келе жатқан америкалық әйел әлем бойынша жасы ең үлкен бортсерік ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі guinnessworldrecords.com сайтына сілтеме жасап.

86 жастағы Бетт Нэш бүгінде қызмет көрсетуін тоқтатқан Eastern Airlines әуе компаниясына 1957 жылы бортсерік болып жұмысқа орналасқан. Ол қазір American Airlines компаниясында жұмыс істейді.

Cтюардесса
Фото: eastnews

Әлем бойынша жасы ең үлкен стюардесса Вашингтон — Бостон — Вашингтон бағытында қызмет етеді. Әуе компаниясының басшылығы әйелдің жасы мен тәжірибесін ескеріп, оған жұмыс кестесін өзі жасауына рұқсат еткен.

Adme.ru порталының жазуынша, Бетт Нэш жұмыс істеген алғашқы жылдары ұшақпен тек ауқатты адамдар ғана ұша алатын. 1 дәрежелі жолаушыларға күмістен жасалған ыдыс-аяқ, фарфорға салынған дәмді тағамдар ұсынылған.

Бэтт Нэш
Фото: eastnews

Стюардессаларды арнайы мектепте оқытқан, онда олар бет әрлеуді үйренген.

64 жылда технология дамып, авиация саласы өзгеріске ұшырады. Бетт Нэш кәсіби мансабын бастаған кезде ұшу кестелері тақтаға бормен жазылып, құжаттар қағазда сақталып отырған.

Бүгінде Бэтт Нэш нағыз жұлдызға айналған. Рейс кезінде әр жолаушы онымен бірге фотоға түспей кетпейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1976859-86-zastagy-amerikalyq-aiel-alemdegi-en-kari-styuardessa-retinde-ginnes-rekordtar-kitabyna-endi-foto/

pixel