"Құлақтары жарты метр": Пәкістанда туған лақ жұлдызға айналды (видео)
Опубликовано:

Пәкістанда бір ай бұрын туған Симба есімді лақ жергілікті телеарналардың жұлдызына айналған. Туғанда құлақтарының ұзындығы 46 сантиметр болса, қазір жарты метрден асады, деп хабарлайды 24.kz.
Телеарнаның хабарлауынша, бір ай бұрын туғанда жануардың құлақтарының ұзындығы 46 сантиметр болған. Лақтың өзімен бірге өсіп жатқан құлағының ұзындығы қазір жарты метрден асады.
Бүгінде Симба жергілікті телеарналардың жұлдызына айналып үлгерген. Оның иесіне Сауд Арабиясы, Оман, Бахрейннен лақты сатып алу туралы түрлі ұсыныс түскен. Алайда ол Симбаны ешкімге бермей, болашақта құлағы ұзын ерекше тұқым өсіруге ниетті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақ тілін түсінетін неміс овчаркасының "қазақша тәрбиеленген итім" деген видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшілікті сүйсіндіргенін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1978690-qulaqtary-zarty-metr-pakistanda-tugan-laq-zuldyzga-ainaldy-video/