Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзен жағасында асшаян аулап отырған адамды қолтырауын жеп қойды

Опубликовано:

Индонезия
Видеодан кадр: Viral Press

Индонезияның Солтүстік Калимантан провинциясында сегіз метрлік қолтырауынның асқазанынан балықшының сүйегі табылды. Бұл туралы Daily Star хабарлайды.

Үлкен қолтырауын 19 шілде күні өзенде асшаян аулап жүрген 45 жасар балықшы, үш баланың әкесі Самсул Бахридің ізіне түскен. Жыртқыш балықшыға шабуыл жасап, оны тірідей жеп қойған.

Ер адамды жұтып қойған бауырымен жорғалаушыны полиция үш күн іздеген.

Үш күндік аңшылықтан соң полиция төрт метрлік және бес метрлік екі қолтырауынды ұстады. Жыртқыштардың асқазанын тексеру үшін оларға қажетті талдау жасалған, бірақ екі қолтырауыннан да марқұмның белгілері табылмаған.

Кейін із кесушілер сегіз метрлік қолтырауынға тап болған. Олар бауырымен жорғалаушыны тұзаққа түсіріп, оның асқазанын зерттеген. Аталған қолтырауыннан адам денесінің жартылай қорытылған қалдықтары бар екені анықталған. Сараптама қалдықтардың Бахриге тиесілі екенін растады.

Басылымның хабарлауынша, мұны естіген марқұмның әйелі мен балалары шошынып қалған.

Айта кетейік, Индонезия архипелагында қолтырауынның 14 түрі мекендейді. Соңғы кездері бауырымен жорғалаушылардың әсіресе өзендерге жақын орналасқан ауылдарда адамдарға шабуыл жасауы жиілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1980636-ozen-zagasynda-assayan-aulap-otyrgan-adamdy-qoltyrauyn-zep-qoidy/

pixel