Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйлену тойы кезінде қалыңдығы анасына ұнамай қалған жігіт некелесуден бас тартты

Опубликовано:

қалыңдық
Фото: 120.su

Туннисте үйлену тойы кезінде күйеу жігіт қалыңдықты тастап кетті. Өйткені, ер азаматтың анасы келінін сұлу емес деп бағалаған. Бұл туралы 120.su хабарлайды.

Бұған дейін Туннис тұрғыны болашақ келінін тек суреттен керген.

Үйлену тойы кезінде онымен бетпе-бет танысып, ұлының жарын ұнатпаған. Сондықтан баласынан мерекелік шараны тоқтатуды талап етеді. Осылайша, екі жас айырылысып кеткен.

қалыңдық
Фото: 120.su

Қалыңдық болған жағдайды әлеуметтік желіде жариялап, оқиғадан шошып қалғанын жеткізген.

Сонымен қатар ол өміріндегі ең айтулы күн болады, қалыңдық атанамын деп көп ақша құртқанын жасырмады. Кеткен ақшаны кері қайтару мүмкін емес, дейді қалыңдық.

Фото
Фото: 120.su

Сүйіктісі бас тартқан ару жетім екенін, сондықтан туыстарынан қолдау күте алмайтынын атап өтті.

Бұны көрген желі оқырмандары қызды жұбатуға тырысып, ақыл-кеңесін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1981281-uilenu-toiy-kezinde-qalyndygy-anasyna-unamai-qalgan-zigit-nekelesuden-bas-tartty-foto/

pixel