Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолда әйелімен жанжалдасып қалған ер адам жүріп бара жатқан көліктен секіріп кетті

Опубликовано:

Сингапур
Фото: 120.su

Сингапурлық жүргізуші көлігіне мінген ерлі-зайыпты жұптың арасындағы ерекше жанжалға куә болған. Жолаушы әйелімен сөзге келіп қалған соң, жүріп бара жатқан көліктен секіріп кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі 120.su басылымына сілтеме жасап.

Сингапурлық жүргізуші көлігіне өзара қытайша сөйлескен ерлі-зайыпты жұптың мінгенін айтады. Жолаушылардың әңгімесіне бара-бара эмоция қосылып, соңы балағат сөзге ұласқан. Кенет жолаушы ер адам әйеліне ренжігені сонша, көліктің есігін ашып, жолға секіріп кеткен. Бейтаныс жігіт шынтағы мен тізесінен жарақат алғанына қарамастан, артқа қарай жүгіре жөнелген.

Жүргізуші көлікті тоқтатқаннан кейін әйелі қашып бара жатқан күйеуінің соңынан жүгіріп, оны ұстап алған.

Ерлі-зайыпты жұп арасындағы дау полиция мен жедел жәрдем келгенше басылмаған.

көлік
Фото: 120.su

Басылымның жазуынша, секірген жолаушы ауруханаға жеткізілген. Енді дәрігерлер ер адамның психикасының сау екеніне көз жеткізуі тиіс.

Ал көлік жүргізушісі дәрігерлердің шешімімен толықтай келісетінін жеткізген.

Көліктен секірген жолаушы жүргізушіні қатты қорқытқан. Ол сол сәтте көлікті басқара алмай қалуы да мүмкін болыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1981300-zolda-aielimen-zanzaldasyp-qalgan-er-adam-zurip-bara-zatqan-kolikten-sekirip-ketti/

pixel