Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қып-қызыл боп піскен тәтті қарбызды қалай таңдау керек

Опубликовано:

Қарбыз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қып-қызыл болып піскен қарбызды таңдап алу оңай емес. Тәтті жемісті сатып алуда ескеретін жайттарды РИА Новости агенттігіне диетолог Татьяна Разумовская айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маманның сөзінше, қарбыз таңдауда көптеген факторларды ескеру керек: оның қабығына, көлеміне, сыртындағы дақтарға, түрткен кездегі дыбысқа, түсі мен құрылымына, сатып жатқан жыл мезгіліне мән берген жөн.

Дыбысы бойынша

Қарбызды тоқылдатып, ұрғанда шыққан дыбыс тұйық болса, бұл жемістің піспегенін білдіреді. Егер ұяң дыбыс шықса, қарбызды шырыны мол, піскен деп есептеуге болады. Ең жақсысын таңдау үшін бірнеше қарбызды тоқылдатып, шыққан дыбысын салыстырып көру керек.

Қабығы бойынша

Піскен қарбыздың қабығы қою жасыл және тығыз болады, оны тырнап көру оңай емес. Жарылған, кесілген, басқа да механикалық зақымданған жемісті сатып алуға болмайды. Қабықтың жартысы қою жасыл, жартысы ашық түсті болған жағдайда, қарбыз әлі толық піспеген деген сөз. Кесілген жемістерді алмаған дұрыс, өйткені олар тез бұзылады және кесілген жерінен микроб түсуі мүмкін. Қабықтағы өрнегі қанық жасыл болса, соғұрлым жақсы деп саналады.

Жерде жатқан бүйіріндегі сары дақ

Жақсы қарбыздың піскен кезде жерде жатқан бүйірінде ашық сары дақ болуы тиіс. Егер оның түсі ашық болмаса, қарбыз аса тәтті болмайды.

Көлемі мен салмағы бойынша

Мамандардың кеңесіне сүйенсек, көлемі өте үлкен қарбыздарды (10 келіден астам) сатып алмаған жөн, өйткені оларды химиялық заттардың көмегімен өсіру мүмкіндігі жоғары. Ең шырынды жемістер әдетте орташадан сәл үлкенірек (5-тен 10 келіге дейін) болады. Алайда ол қарбыздың сұрыбына және өсірген аймағына байланысты. Әдетте піскен жемістің тығыздығы төмен, сондықтан оның салмағы аз болады. Піскен қарбызды суға салсаңыз, ол піспеген қарбыз сияқты батпайды. Жеміс салмағы көлеміне сай емес тым жеңіл болса, ол қатты піскен және ылғалды көп жоғалтқан деген сөз.

Пішіні бойынша

Қарбыздар сопақ немесе дөңгелек болып келеді. Дөңгелек жемістер тәтті деп есептеледі, ал сопақшалары көбінесе сулы болады. Піскен қарбыздың сабағы толығымен қурап кетуі тиіс.

Серпімділігі бойынша

Піскен қарбыз қатты болуы керек. "Оны қолыңызға алып, тоқылдатқанда, серіппелі екенін сезесіз", - дейді диетолог Татьяна Разумовская.

Маманның сөзінше, егер жемістің қабығы жұмсақ болса, онда оның пісетін уақыты әлі болған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1981685-qyp-qyzyl-bop-pisken-tatti-qarbyzdy-qalai-tandau-kerek/

pixel