Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тірідей жерленген ер адам көрден өздігінен шыққан

Жарияланған күні:

Боливия тұрғыны
Фото: Newsflash

Тірідей жерленген Боливияның 30 жастағы тұрғыны Виктор Альварес табытта жатқан жерінен оянып кетіп, ол жерден өздігінен шыға алған. Ер адам болған жайтты полицейлерге айтқанда, олар оның басынан өткен оқиғаға сенбеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Mirror басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Виктор Альварес 6 тамызда Эль-Альто қаласында өткен "Жер-Ана" фестивалінде болған, ол мереке кезінде қатты мас болғанын айтқан. Ер адам өзінің билеп жүрген сәтін ғана есіне түсіре алған. Содан кейін фестиваль өткен жерден 80 шақырым жерде табытта оянған.

"Есімде қалғаны - төсегімде жатырмын деп ойладым, тұрғым келді, бірақ қозғала алмадым, табытты итеріп кеп жібергенде, оның шынысы ұшып түсті, сөйтіп, сыртқа шықтым", - дейді Альварес.

Оның сөзінше, мас күйде болғандықтан есінен танған, сол арада фестиваль қатысушылары оны "сулла" ретінде құрбандыққа шалған болуы мүмкін.

"Олар мені "сулла" ретінде пайдаланғысы келді", - дейді боливиялық.

Шетелдік басылым "сулла" термині жер-анаға жасалған құрбандық дегенді білдіреді деп түсіндірген. Жергілікті тұрғындар құрбандыққа көбінесе кока жапырақтары немесе тәттілерді пайдаланады. Бірақ боливиялықтар ежелгі дәстүрдің қазір де құпия түрде орындалатынын айтады.

Альварес оқиға туралы полицияға хабарлаған, бірақ тәртіп сақшылары мас күйде екенін ескеріп, оған сенбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1982890-tiridei-zerlengen-er-adam-korden-ozdiginen-syqqan/