Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйлену тойында кірпішті қолымен сындырған қалыңдық желіде жұлдыз болды

Опубликовано:

Қалыңдық той үстінде кірпішті қолымен сындырды
Перизат Жұбанова мен Жасұлан Икмат. Скриншот: instagram/kz_taekwondo_federation

Отандық таеквондошылардың үйлену тойында болған қызықты оқиға әлеуметтік желіде кеңінен таралуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Перизат Жұбанова тұрмысқа шықты. Оның таңдауы ұлттық құраманың массажшысы, бұрынғы спортшы Жасұлан Икматқа түскен. Екі жастың үйлену тойы отандық мейрамханалардың бірінде дүркіреп өтті.

Қазақстан таеквондо федерациясы тойдың ең қызықты жерінен үзінді жариялады. Шәкірттері той үстінде жас жұбайларға тосынсый жасап, оларға таеквондоның негізгі элементтерінің бірін орындауды ұсынған.

Сол сәтте қалыңдық еш іркілместен таеквондоға арналған кірпішті қолымен сындырып тастайды.

Бұған той қонақтары да, күйеу жігіт те риза болған.

Әлеуметтік желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, таеквондошының шеберлігін жоғары бағалауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1983156-uilenu-toiynda-kirpisti-qolymen-syndyrgan-qalyndyq-zelide-zuldyz-boldy-video/

pixel