Қазақстанға келген Зимбабве әскерилері бидің түбін түсірді
Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Зимбабведен келген әскери қызметкерлердің биі бейнеленген видео тарап жатыр. Онда әскери базада өткен концерттен үзінді көрсетілген. Қорғаныс министрлігі әскерилердің Қазақстанға халықаралық армия ойындарына қатысу үшін келгенін хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Басылым мәліметінше, концерт "Артиллериядан оқ ату шеберлері" конкурсы аясында өткен.
"Конкурс 13 мен 23 тамыз аралығында Жамбыл облысы "Гвардейский" полигонында өтіп жатыр. Биыл жарыстарға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қарулы күштерінің өкілдері қатысуда", - дейді ведомстводан.
Сондай-ақ басылым осы жылы республика аумағында үш конкурс өткізілетінін атап өткен. Олар: "Артиллериядан оқ ату шеберлері", "Меридиан" және "Тактикалық мерген". Соңғы екеуін Қазақстан алғаш рет қабылдап отыр.
Үш конкурста қатысушы елдерден барлығы 26 команда бақ сынайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1983632-qazaqstanga-kelgen-zimbabve-askerilerinin-bii-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/