Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз-жорамал: Зодиак белгілерінің мінез-құлқы мен ерекшеліктері жайлы ел білмейтін деректер

Опубликовано:

Жұлдыз-жорамал: Зодиак белгілерінің мінез-құлқы мен ерекшеліктері жайлы ел білмейтін деректер
Жұлдыз-жорамал: Зодиак белгілерінің мінез-құлқы мен ерекшеліктері жайлы ел білмейтін деректер : pixabay.com

Көптеген адам өзінің жұлдыз жорамалына қарай мінез-құлқы мен ерекшеліктерін біліп жатса да, көпке мәлім емес деректер де бар. KAZ.NUR.KZ тілшісі аталған тақырыпты зерттеп, қызықты фактілерді назарларыңызға ұсынады.

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)

Тоқтыларды қорғайтын Планеталар – Марс пен Күн. Тоқтылар – импульсивті оқиғалардың басы-қасында жүретін, ерлік жасаудан тайынбайтын, үнемі жеңіске жетуді ұнататын, энергияға толы адамдар болып табылады. Шындықты бетке айтатын, өте қырсық адамдар да торпақтар арасынан шығады. Десе де олардың бойынан қарапайымдылық, жомарттық мен жауапкершілікті өз мойнына алу сынды жақсы қасиеттерді де байқауға болады.

Торпақ (21 cәуір – 21 мамыр)

Торпақтар Жер стихиясы өкілдеріне жататын зодиак белгісі болып табылады. Оның бойындағы негізгі ерекшеліктерге:

  • сезімталдық, жанының нәзіктігі;
  • өз аяғында нық сеніммен тұру және өзгелерге жол беру сынды қасиеттер жатады.

Торпақтардың мінезі тұйық, бәрін ішіне сақтауы мүмкін, алайда олардың арасынан өмірге деген өзіндік көзқарасы бар, интуитивті, бойындағы ерік-жігері мықты адамдар да шығуы мүмкін. Торпақтар тыныш болған кезде жұмсақтық пен шыдамдылықты көрсетеді.

Ал егер "жанды жеріне қол сұқсаңыз", сізді оңдыртпауы мүмкін. Ол сырттан қысым жасағанды ұнатпайды және ұзақ уақыт бойы ренжуі мүмкін. Торпақтардың тағы бір ерекшелігі - олар "бәрін біледі", сол себепті олармен дауласудың қажеті жоқ. Сондай-ақ торпақтар өз мақсаттарына жету үшін, жан аямай еңбектенетін зодиак жұлдыздарының бірі болып табылады.

Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)

Егіздер Меркурийдің "қарамағындағы" зодиак белгісі болып саналады. Олардың стихиясы – ауа, сол себепті егіздердің құбылмалы, бәріне жеңіл қарайтын қасиеттері болғанымен, олар басқа зодиак белгілеріне қарағанда достасуға дайын тұратын, ең ашық жандардың бірі. Олардың артықшылықтары:

  • Бойларында сан алуан таланттары бар
  • Ақылды, үнемі даму үстінде болады
  • Кел келген салада "квантты скачок" жасай алатын, нағыз алғыр адамдар.

Кемшіліктеріне: жайбасарлық, жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеу жатады. Көптеген адамдар оларды екіжүзді деп ойлауы мүмкін, алайда егіздер осы қылықтарымен өздерін алдап, өмірдегі нақты позициясының қандай екенін біле алмауы да ықтимал. Кейде олар осы кемшіліктері үшін ыңғайсыз жағдайларға да қалуы мүмкін.

Жұлдыз-жорамал: Зодиак белгілерінің мінез-құлқы мен ерекшеліктері жайлы ел білмейтін деректер
Жұлдыз-жорамал: Зодиак белгілерінің мінез-құлқы мен ерекшеліктері жайлы ел білмейтін деректер : pixabay.com

Шаяндар (22 маусым — 22 шілде)

Шаяндар сезімталдығы мен нәзіктігі жөнінен басқа зодиак белгілеріне қарағанда көш ілгері тұрады. Аталған жұлдыз белгісі Айдың қарамағында, сол себепті келесідегідей ерекшеліктерге ие:

  • олар өмірге икемді әрі кез келген оқиғаға бейімді;
  • жағдайды алдын-ала болжап, логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған зодиак белгісі.

Аталған зодиак белгісі өкілдерінің негізгі қорқыныштарының бірі – кедейлік. Шаяндар үйден көп шықпағанды жақсы көреді және жақын адамдарына үнемі қамқорлық жасайды

Шаяндардың мінезіндегі негізгі кемшіліктері:

  • кек сақтау, кек қайтару;
  • тұйықтық әрі айлакерлік.

Олар сырттай өте ұстамды адамдар және ешқашан ешкіммен ашықтан ашық дауласпайды. Шаяндардың жаны нәзік және қажет кезде сіздің жанашырыңыз бола алады.

Арыстан (21 шілде – 21 тамыз)

Арыстандар өз тотемінің барлық қасиеттерін бойына жинай білген. Олар Күннің қарамағындағы зодиак белгілері және соған байланысты энергиясы мол, тәуелсіз әрі еркін жандар. Арыстар зодиак белгісінде туған адамдар өмірде де, жұмыста да көшбасшы болуға асығады, қалай ла табысқа жетуді армандайды.

Кез келген шектеулерді ұнатпайды. Өзіне де, өзгелерге де қояр талабы жоғары. Сондай-ақ өздерінің сырт келбетіне де көп көңіл бөлуді ұнатады. Кез келген адамның көңілінен шығуға тырысады. Арыстандардың бойынан табылатын кемшіліктер:

  • өзімшілдік;
  • менмендік пен өзін тым қатты жақсы көру.

Арыстандар батыл, жомарт және басқалар үшін өздерін құрбан ете алатын жандар.

Бикештер (22 тамыз – 23 қыркүйек)

Аталған зодиак белгілерінің мағынасы олардың сипатына сәйкес келетіні бекер емес. Бикештердің стихиясы Жер болғандықтан, олар өте шынайы, ал Меркурий бикештерді ақылды әрі материалист етеді. Зодиак белгісінің осы түрінде туған жандар басқалардан өмірге деген салқынқанды көзқарастарымен, тым тиянақтылығымен ерекшеленеді.

Бикештер кез келген оқиғаға сараптау жасауға бейім жандар, сол себепті үнемі өздеріне және басқаларға да сыни тұрғыда қарайды, ал кейде тіпті бәрін өз бақылауда ұстауға тырысады.

Олар ақша, бизнес және үйде де тәртіп және тазалық болғанын қалайды, сондай-ақ үйден көп шықпайтын, нағыз өмірге бейім адамдар. Қарым-қатынаста олар сезімтал, шынайы және ұялшақ жандар. Адамдарға жанашыр бола алады әрі қажет кезде көмектесе алады, сонымен бірге жауапкершіліктен қорықпайды.

Жұлдыз-жорамал: Зодиак белгілерінің мінез-құлқы мен ерекшеліктері жайлы ел білмейтін деректер
Жұлдыз-жорамал: Зодиак белгілерінің мінез-құлқы мен ерекшеліктері жайлы ел білмейтін деректер : pixabay.com

Таразы (24 қыркүйек – 23 қазан)

Таразылардың бойында артықшылықтар көп. Олар:

  • көп оқиды әрі парасатты;
  • арманшыл және талғампаз;
  • білім алуға құштар, көп ізденетін адамдар.

Таразылар өздерін мақтағанды жақсы көреді, бірақ сынды қабылдай алмайды. Сондай-ақ артық жауапкершілікті өз мойнына алуды ұнатпайды. Алайда табиғаттарына тән қос тараптықтың салдарынан кейде жан аямай еңбек етуі мүмкін, ал кей жағдайда өздерімен өзі тұйықталып меланхоликтерге айналуы мүмкін. Таразылар жайлылық пен сұлулықты жақсы көреді және достармен, көпшілікпен басқосуларды ұнатады.

Сарышаян (24 қазан – 22 қараша)

Cарышаяндар – Марс пен Плутонның қарамағындағы адамдар, сол себепті олар әмбебап жандар. Сарышаяндардың бойынан агрессия мен ашықтық та, тұйықтық пен қырсық мінез де табылуы мүмкін. Олар көбінесе шабуылдан жасаудан гөрі қорғануды ұнатады және өмірлік серіктерінен құлай сүйеді, алайда кез келген адамға өз сезімдерін білдіре бермейді.

Сарышаяндар жақсы өмір сүруді жақсы көреді, әрі әр нәрсеге тәуелді болуы мүмкін. Олар көп адамға оңайлықпен сене бермейді және жоқ жерден проблема жасауға құмар. Олардың бойында туа біткен интуиция сарышаяндарды психолог әрі манипулятор еткен.

Мергендер (23 қараша – 22 желтоқсан)

Мергендер Юпитердің қарамағындағы зодиак белгісі болғандықтан, олардан жақсы философтар, рухани көшбасшылар мен саяхатшылар шығады. Олардың бойындағы ең жақсы қасиеттер:

  • қолының ашықтығы мен үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүру;
  • өмірді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылу.

Аталған зодиак белгілерінің бойында жігерлілік бар әрі олар шешімді тез қабылдайды, сондай-ақ өзгелерге сабақ бері, өз мақсатына жетуде жанкештілік танытады. Мергендерді туа бітті оптимистер деп айтуға толық негіз бар. Олар тек өтірік айтуды, екіжүзділік пен өзін бағындыруды ұнатпауы мүмкін.

Тауешкілер (23 желтоқсан – 20 қаңтар)

Тауешкілердің стихиясы – Жер, сол себепті жұлдыз жорамалға сенсек, олар ең мықты зодиак белгілерінің бірі. Олар өмірге бейім, алыстан болжайды әрі кез келген оқиғаға шынайы көзқараспен қарай алатын жандар. Тауешкілер тәртіпті ұнатады, ал Сатурн оларға ерекше төзім мен басқа адамдардың алдында беделі жоғары бола алатындай қасиет берген.

Зодиак белгісінің бұл түрі өмірдің барлық мүмкіндіктерін пайдалана біледі әрі көшбасшылық қасиетке ие, білім алуды, дамуды жақсы көреді, аяғында нық сеніммен тұра алады әрі мақсатына жетуде барын салады.

Тауешкі тәуекелге бел бууды ұнатпайды, кейде тіпті өз-өзіне сенімсіз болып, тұйықталып, пессимист атануы мүмкін. Демалуды, жалқаулықты, тіпті жай тыныш отыруды көп ұната бермейді, мұндайдың бәрін олар уақытты бекер өткізумен бірдей деп санайды.

Жұлдыз-жорамал: Зодиак белгілерінің мінез-құлқы мен ерекшеліктері жайлы ел білмейтін деректер
Жұлдыз-жорамал: Зодиак белгілерінің мінез-құлқы мен ерекшеліктері жайлы ел білмейтін деректер : pixabay.com

Суқұйғыштар (21 қаңтар – 19 ақпан)

Cуқұйғыштар Уран мен Сатурнның қарамағындағы зодиак белгілері және осы зодиак белгісімен туған адамдар табиғатынан өте эмоционалды әрі интуициясы мықты жандар. Суқұйғыштардың көңілін қалдыру өте оңай, себебі олар туғанынан өте мейірімді және жүрегі нәзік жандар.

Кейде шамадан тыс ерік-жігерімен немесе ойланбастан ойындағысын айтумен адамдарға жақпау қалуы мүмкін. Суқұйғыштар жаңа дүниені зерттеуге құштар, бірақ мұның бәрін ол тек үстіртін орындайды.

Сонымен бірге зодиак белгілерінің бұл түру асқан романтиктер, сол себепті өмірде қиялға көп беріледі. Мамандықтар арасынан олар эрудицияны талап ететін, қайырымдылықпен айналысатын мамандықтарды таңдайды, сонымен қатар күйзелістік жағдайларда барынша сабырлы әрі ұстамды болатын адамдар.

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)

Балықтарды пассивті зодиак белгісі деп атайды, алайда олар жарық Нептуннің қарамағындағы жандар. Олардың бойынан сан алуан эмоция мен сезімдерді байқай аласыз, сондай-ақ балықтардың бойында интуиция мен басқа адамдарды жақсы түсіну қабілеті жоғары дамыған. Бұған қоса олар армандауды ұнатады.

Балықтардың шамадан тыс нәзіктігі оларды басқаларға қарағанда осал етуі мүмкін, алайда қарым-қатынаста олар барынша ашық, адамдармен тез тіл табыса алады әрі қалжыңбас болып келеді.

Өмірде талғампаз емес, қарапайым әрі өз сезімдерін жасыра алатын, адамдарға өз айтқанын істете алатын жандар. Балықтар атаққа, ақшаға құмар емес, десе де қажырлы жұмыс істей алатын адамдар. Олардың бойынан көптеген таланттар мен өмірдің кез келген жағдайына бейімделе алатын қасиеттерді көруге болады.

Зодиак белгілерінің әрқайсынының бойынан жақсы әрі жағымсыз қасиеттерді байқауға болады. Бастысы осы қасиеттер мен мінездегі ерекшеліктерді орынды пайдала білген абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1983976-zuldyz-zoramal-zodiak-belgilerinin-minez-qulqy-men-erekselikteri-zaily-el-bilmeitin-derekter/

pixel