Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдызнама бойынша қай шоқжұлдыздың мінсіз күйеу болатыны анықталды

Опубликовано:

Қыз бен жігіт құшақтасып тұр
Көрнекі фото: pixabay.com

Болашақ жұбыңыздың жұлдызнамасы қандай? Астрологтар зодиак белгісі бойынша кімдердің мінсіз күйеу болатынын анықтады, деп хабарлайды ftimes.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жұздызнама бойынша, бикеш, тауешкі, арыстан, таразы және шаян мінсіз күйеу бола алатын белгілердің топ бестігіне енеді.

Бикеш

Олар тапқырлығымен ерекшеленеді және тұрмыста жұбайына үнемі қолғабыс болып жүреді.

Сондай-ақ бикештер белгісінде туған жандар жарына адал, әрдайым қолдауын аямайтын жігіттер болып саналады. Егер сіздің таңдауыңыз бикеш белгісіндегі азаматқа түссе - жолыңыздың болғаны.

Тауешкі

Екінші орында тауешкілер тұр. Себебі, бұл шоқжұлдыздағы жігіттер жомарт, сенімді серіктес және қамқорлық танытуды біледі. Алайда мұндай азаматқа ұнау үшін өзіңізді өзгелерден ерекше екеніңізді дәлелдеу қажет болады.

Арыстан

Өзін ерекше жақсы көретін арыстандардан көбіне "нашар отағасы шығады" деп ойлайды. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Себебі, жүрегін жаулаған аруға қолы жеткен арыстан оны бар жан-тәнімен қорғайды. Ол болашақ жарын еркелетіп, қызғыштай қоритын болады. оған сүйіктісі тамсана қарап, әрдайым ерекше екенін еске салып отырғаны жеткілікті.

Таразы

Таразылар төртінші орында. Себебі, олар романтиканы жақсы көреді және өте сенімді күйеу болады.

Таразылар әйелі үшін нағыз ертегі өмір жасауға дайын. Алайда олар ұзақмерзімді байланыстан қорқады. Сол үшін сіз сүйіктіңіздің ұсынысын ұзақ уақыт күтуіңіз мүмкін.

Шаян

Шаяндар да мінсіз күйеу жігіт бола алатын белгілер тізімінде. Бұл белгідегі ер адамдар сезімнің ырқына ерік бергіш келеді.

Оларды мінсіз, нағыз ер десе де болады. Сізге шаяннан артық күйеу жоқтай көрінуі мүмкін. Десе де бұл ойыңыз жансақ болуы да мүмкін. Себебі шаяндар айтқанын істейтін жандарға ғана бүйрегі бұрады. Ал шаян белгісінде туған жігіттің ашуына тисеңіз, оны танымай қалуыңыз ғажап емес.

Шаянның ырқына көнемін десеңіз ғана бұл белгідегі адам мінсіз күйеу болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1987671-zuldyznama-boiynsa-qai-soqzuldyzdyn-minsiz-kuieu-bolatyny-anyqtaldy/

pixel