Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы ел білмейтін деректер

Опубликовано:

Ахмет Байтурсынов
Ахмет Байтурсынов: YouTube/ҚР Білім және ғылым министрлігі

Биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы атап өтілуде. Ел арасында қоғам қайраткерінің өмірбаяны жайлы көптеген қызық дерек тараса да, көпшілік ұстаз өмірінің елге беймәлім тұстарын біле бермейді. KAZ.NUR.KZ ұлы ұстаздың өмірі мен шығармашылығын зерттеп, ол жайлы қызық мағлұматтарды назарға ұсынуды жөн көрді.

Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қашан

Ахмет Байтұрсынұлы жайлы e-history.kz тарихи танымдық сайтында төмендегідей ерекше мақала жарияланған.

1. Ахмет Байтұрсынұлының нақты туған күні ұзақ уақыт бойы белгісіз болып келді. 2017 жылдың қараша айында Қазақстан халқы тілдері күні Ахмет Байтұрсынұлының туған күні болып жарияланды. Қазақ әліпбиін латын қарпінде жасаушы Ербол Тілешов бұл шешімді былай деп түсіндірді: "Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келді деген мәлімет бар. Алайда кейінірек мен тілдерді дамыту басқармасында жұмыс істеп жүрген кезімде Ахмет Байтұрсынұлының қолжазбалары бар үш құжат табылды. Солардың бірінде "Мен 5 қыркүйекте дүниеге келдім" деген жазба болды. Сондықтан осы шешімге келуді жөн көрдік".

2. Ұлт ұстазы 13 жасында болған кезде, оның ауылына полковник Яковлевтің басшылығымен полиция қызметкерлері келіп, ауылдың тас-талқанын шығарған. Ахметтің әкесі – Шошақұлы Байтұрсын мен Ахметтің үш ағасы полковниктің мұндай озбырлығына шыдамай, оны соққыға жыққан. Осы әрекеттері үшін олар Сібірге 15 жылға жер аударылған.

Ахмет Байтурсынов
Ахмет Байтурсынов: Wikipedia

3. Қостанай уезінде жұмыс істеген шағында ол Аманқарағай орман шаруашылығы басшысының (өзге дерекккөздерде қатардағы орманшы) үйінде тұрып, оның қызы Александраға ғашық болған. Александра 1878 жылы Челябі ауданында дүниеге келген. Ол Ахмет Байтұрсынұлымен Әулиекөл ауылындағы орыс-қазақ мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген кезде танысқан. Жастар мұсылман әдет-ғұрпына сай Троицк қаласындағы мешітте некелерін қияды. Атақты дін қызметкері Зейнолла-ишан үйлену тойынан кейін Александраны Бадрисафа Мұхамедсадыққызы Байтұрсынова деп, татар қызы ретінде жазған.Осылайша ұлы ғалым жұбайын мұсылман салт-дәстүрін зерттеу үшін 2-3 айға мешітте қалдырған. Ахмет Байтұрсынұлының жұбайы өмірінің соңына дейін мұсылман дінін ұстанған.

4. Көсемсөз шебері 1905 жылғы "Қарқаралы петициясының" авторларының бірі. Петиция авторлары қазақ жерін экспроприациялауды тоқтатуды, қоныс аударушылар легін азайтуды және земствоны қалыптастыруды талап еткен.

Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы. Видеодан кадр: Telegram/Cаясат Нұрбек

5. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жазба ғылымын реформалады. Ол қазақ тілінде қолданылмайтын араб әріптерін алфавиттен алып тастап, қазақ тілінде бар, жаңа, айрықша әріптерін енгізді. "Жаңа емле" әліпбиін бүгінде Қытай, Ауғанстан, Ресей, Иран қазақтары қолданады.

6. Ахмет Байтұрсынұлы "Қазақ" газетінің алғашқы редакторы болған. Басылымның үш мыңнан астам оқырманы болды және оны қазақ даласында, Қытай мен Ресейде оқыды. Газет беттерінде Ахмет Байтұрсынұлы өзінің пікірлестерімен бірге қазақ тілінің даму мәселесін көтеріп, халықты бірлікке және саяси күреске шақырған.

7. 1917 жылғы революция кезінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғаған Алаш қайраткерлерінің тобын басқарып, ұлт интеллигенциясының рухани көшбасшысы атанған. Ол өзінің жақтастары Әлихан Бөкейханұлы және Міржақып Дулатұлымен бірге қазақ халқының бостандығы үшін күрескен.

8. Ғалым өзін ақын ретінде сынап көрген. Ол Эзоп, Лафонтейн, Крыловтың мысалдары негізінде, олардың ұлттық ерекшелігін ескере отырып, Ресей билігі мен отаршылдық саясатын әшкерелейтін шығармалар жазды.

9. Торғай тұрғыны Жүсіпбек Салықов Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай деген: "1923 жылы Ахмет пен Бадрисафа Орынбордан Торғайға жол жүріп бара жатқанда Құмкөл деген жерде, Хазірет Нәуен Нұртазиннің үйінде тоқтаған. Қазір сол жерде Жангелдин ауданының Шиелі ауылы орналасқан. Жас айырмашылықтарына қарамастан (хазірет Ахметтен бірнеше жас үлкен) олар жақын дос болды".

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы ел білмейтін деректер
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы ел білмейтін деректер: YouTube/ҚР Білім және ғылым министрлігі

10. "9 жасымда жетім қалып, Ахметтің туған ағасының малын бағып жүрдім. 1926 жылы Қали аға қайтыс болды. Оның жылдық асына Ахмет аға мен Бадрисафа келді. Мен аш болдым, үсті-басым алба-жұлба, қышымамен де ауырдым. Содан болар ешкім маңыма жақындамай, айналып өтуге тырысатын. Сол кезде мені Ахмет аға құтқарып қалды, ол кісі мені Бадрисафаға тапсырды. Ол мені өз қолымен емдеп, өлімнен құтқарып қалды. Мен Ахмет ағаның және оның әйелі Бадрисафаның осы жақсылыңын ешқашан ұмытпаймын", - дейді Ахмет Байтұрсынұлының туысы Әубек Сатыбалдыұлы.

11. Ахмет Байтұрсынұлының асырап алған қызы ата-анасымен бірге шамамен 4 жыл айдауда болған (1929-1933 жж.), содан кейін балалар үйіне түскен.

12. Ахмет Байтұрсынұлының тек асырап алған балалары ғана болған. Ресми дереккөздерде оның балаларының тек үш есімі ғана сақталған – Аумат, Қазихан және Шолпан. Үшеуі де ағартушының жиендері және соның үйінде тәрбиеленген. Алайда ұлт ұстазының тағы бір асырап алынған ұлы болды деседі, оның есімі ұзақ жылдар бойы құпия сақталған – Самырат Кәкішев. Ол туралы ешкімге айтпай, жасырып ұстаудың негізгі себебі - Самырат Байтұрсын әулеті шаңырағының иесі болған және ғалым оның өмірін сақтап қалуға тырысқан. Ахмет Байтұрсынұлы тұтқындалғаннан кейін оның ауылына солдаттар келіп, ұрпақ жалғастыратын ұл балаларды іздеген. Содан ауылдағы әйелдердің бірі Самыратты қазан астына жасырып, өмірін сақтап қалған деседі.

13. Ахмет Байтұрсынұлының замандасы Нұрзипа Әмірованың сөзіне сенсек, 1937 жылы Бадрисафа Қостанайда болған. Бадрисафаны Қостанайда екінші рет Ұлы Отан соғысы жылдары көрген. Нұрзипа Әмірованың айтуынша, сол жылдары Бадрисафаның бұрынғы сұлулығының ізі де қалмаған, ол өз жасынан әлдеқайда үлкен көрініп, денсаулығы сыр беріп жүрген екен.

14. Қостанайлық өлкетанушылар Ахмет Байтұрсынұлының жесірінің одан кейінгі тағдыры туралы мәліметтерді біле бермейді, десе де оның өміріне қатысты екі нұсқа бар. Солардың бірі бойынша Бадрисафа Қостанай ауданының Александровка ауылында емделіп, сол жерде қалған, ал екінші нұсқаға сәйкес, ақсақал Есімхан Тұрлыбековтың айтуынша, 1947 жылдың қараша айында ол Меңдіқара ауданының Қасқат ауылында тұрған. Себебі сол шақта ауылда Александра есімді орыс әйел пайда болып, оны Ахмет Байтұрсынұлының жеке танысы Қасым Тоғызақов ертіп жүрген.

15. Кеңес билігі халық арасында, республикада, тіпті түркі тілдес елдерде үлкен құрметке ие болған Ахмет Байтұрсынұлын кешірген. Жоғары басшылық оны Қазақ АССР Білім халық комиссариатының төрағасы қызметіне тағайындаған.

16. 1929 жылдың маусым айында КСРО ІІХК Ахмет Байтұрсынұлының саяси қызметін еске алып, оны Міржақып Дулатұлымен бірге Қызылорда түрмесінде жапты. Кейін оны Архангельск облысына жер аударса, ал оның әйелі Бадрисафа мен асырап алған қызы Шолпанды Томскке жіберді. Уақыт өте келе Шолпан Томскіде қалып, Бадрисафаны Батыс Сібірге, Жуково ауылына жіберген.

17. 1934 жылы Халықаралық Қызыл Кресттің өтініші бойынша Ахмет Байтұрсынұлы Алматыға оралып, отбасымен қауышуға мүмкіндік алады. Денсаулығынан айырылған ұлт ұстазы саяси тұрақсыздың салдарынан көп уақыт бойы қызметке орналаса алмай жүреді. Ол Орталық мұражайдың қараушысы, билет бақылаушысы, туберкулез диспансерінің санитары болып жұмыс істеді. Билік оның ықпалынан, оған деген халықтың құрметінен қорқып, оны ұзақ уақыт жұмысқа алмады, ал кірген бойда ол жұмыстан шығарылып отырды.

18. Репрессияның жаңа толқыны көтерілгенде, ол қайтадан қамауға алынды, бұл оқиға 1937 жылдың 8 қазанында болды. Сосын бірнеше айға созылған тергеуден кейін, Ахмет Байтұрсынұлы 1938 жылдың ақпанында атылған. Кезекті тергеудің бірінде ол былай деп айтқан екен: "Мен қазақтардың мәдениеті мен әл-ауқатын көтеруді қалаймын, ал бұл істі бұрыннан қолға алғанымды ескерсек, мен барлық бастамаларыма қолдау көрсететін билікке толығымен табынамын".

Ал жақында ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, заман талабына сай "Baitūrsynūly Library" цифрлық кітапханасы ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1987779-ult-ustazy-axmet-baitursynuly-zaily-el-bilmeitin-derekter/

pixel