Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде тас қараңғы жерді көру ненің белгісі болуы мүмкін

Опубликовано:

қараңғы
Әйел адамның қолы. Көрнекі фото: pixabay.com

Кейде адамдар қорқынышты түс көріп, соның әсерінен көпке дейін шыға алмай жүреді. Мысалы түсіңізде қараңғы жерді көрсеңіз, ол ненің белгісі болуы мүмкін екенін білмей дал боласыз. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі белгілі түс жорамалдарды зерттеп, түсіңізде қараңғы жер кірсе қандай мағына білдіретіндігін анықтап көрді.

Нострадамустың түс жорамалы

Француз ойшылы Мишель Нострадамус түсіңізде қараңғы жерді көрсеңіз, онда сіздің жаныңыз рухани тұрғыда шаршаған деп жориды. Мысалы:

  • Егер ұйықтағаннан кейін адам бірден қараңғы түсті көрсе, онда оның өмірінде қиындықтар туындайды деген сөз. Сондықтан бар күш-жігеріңізді жинап, оны аз уақытта шешуге тырысу керек.
  • Үлкен үңгір сияқты жерге, қараңғылыққа бойлау – онда өзіңізге өмірде нақты не қажет екенін білмей жүрсіз деген сөз.
  • Егер түсіңізде қараңғылықты өзіңізден кейін көрсеңіз, онда сіз сырқаттанасыз немесе жарақат аласыз.

Бөлменің іші қараңғы болса, қандай мағынаны білдіруіМиллердің түс жорамалы мүмкін? Егер өз үйіңіздің бір бөлмесі қараңғы болса, онда ол жақсылықтың белгісі. Демек жақын арада қиындықтар артта қалып, бақытты боласыз деген сөз.

Миллердің түс жорамалы

Белгілі америкалық психолог түсте қараңғылықты көру – өсек-аяңның белгісі деген. Сол себепті өз жоспарларыңызды көпке айтпаған дұрыс. Сондай-ақ ол түсте қараңғылықты көруге қатысты төмендегідей болжамдар айтқан:

  • Егер адам түсінде қараңғы бөлмеден шықса, онда ол қосымша табыс көзін табады деген сөз.
  • Егер әйел адам түсінде жарық бөлмені біртіндеп қараңғылық жайлағанын көрсе, онда оның жұмысында сәтсіздіктер болуы мүмкін, сол себепті оған барынша жұмысына ұқыпты қараған абзал.
  • Тұрмысқа шықпаған қыздар үшін, түсте қараңғылықты көру жақсылықтың нышаны, жақын арада ол өзінің сүйіктісін кездестіреді деген сөз.
қараңғылық
Қараңғы кеңістік. Көрнекі фото: pixabay.com

Ванганың түс жорамалы

Болгарияның әйгілі көріпкелі мұндай түске қатысты келесідегідей болжамдар айтқан. Мысалы қараңғыда бейтаныс жерде жүру мақсатқа тез және оңай жету деген мағынаны білдіреді. Сонымен бірге Ванганың түс жорамалында былай деп айтылған:

  • Үйіңіздің терезесінен қараңғылықты көру - барлық қиындықтар артта қалып, жақын арада бәрі өз орнына келеді.
  • Көзіңізді аша алмайтындай шаңды дауылды көру – жақын адамыңызды ұзақ уақыт бойы көрмеу деген сөз.
  • Қараңғы жерге күн сәулелері түссе - көп ұзамай тағдыр сізге тосын сый жасады деген сөз.
  • Түсіңізде тас қараңғы жерді көріп, одан қорықсаңыз, отбасындағы құндылықтарды бағалап, туыстарыңыздың беделі жоғалу және өмірдегі көңілсіздік деген мағынаны білдіруі мүмкін. Ванга қараңғылық қиындықтың белгісі болса да, содан кейін өміріңіз өзгеріп, жақсы жаңалықтар болуы мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды.

Фрейдтің түс жорамалы

Атақты түс жорушы төмендегідей болжамдарымен бөліскен:

  • Түнде қараңғылықты көру – күйзелістің белгісі.
  • Қараңғы жерде болу – бастаған ісіңіз сәтсіз аяқталуы мүмкін.
  • Қараңғыда адасып, жарық жерді таба алмай жүрсеңіз, қаржылық қиындықтар орын алады деген сөз.

Ислам түс жорамалы

Ислам түс жорамалын құрастырушы Имам Ибн Сирин түсте қараңғылықты көруге қатысты мынадай болжамдар ұсынады:

  • Қараңғы жерден тез шығу – көздеген мақсатыңызға жету деген сөз
  • Егер жас ер адам түсінде қараңғылықты көрсе – онда ол аяқ астынан ауырып қалуы мүмкін немесе созылмалы дертке шалдығуы мүмкін.
  • Егер ересек ер адам қараңғыда бір затын жоғалтып алса, онда ол тұрмыстағы әріптесіне ғашық болып қалуы мүмкін.
  • Егер түс көруші қараңғыда баланың бейнесін көрсе, онда ол көп ұзамай өз мақсатына жетеді деген сөз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1988935-tusinizde-tas-qarangy-zerdi-koru-nenin-belgisi-boluy-mumkin/

pixel