Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ресейге ұшып барамыз": Желіде екі-ақ жолаушысы бар әуе кемесінің видеосы тарады

Опубликовано:

ұшақ салоны
Ұшақ жолаушысы. Видеодан кадр: Instagram/zhest_kz_official

Қазнет және ресейлік интернет сегментінде ұшақта түсірілген қысқа бейнежазба тарала бастады. Ұшақ салонында екі-ақ адамның отырғаны желі қолданушыларының қызығушылығын тудырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарияланған бейнежазбадан ер адамның өзінің кішкентай ұлымен отырғанын көруге болады. Жолаушының сөзінше, олар Ресейге ұшып барады. Ер адам ұшақтың ішін видеоға түсіріп, онда өздерінен басқа ешкім жоқ екенін көрсеткен. Желі қолданушылары салондағы орындарға қарап, олардың S7 Airlines ұшағымен кетіп бара жатқанын аңғарғанын жазды.

"Авиаторщина" ресейлік әуе тасымалы нарығы туралы авиациялық аналитикалық ресурсының Telegram арнасының сарапшылары ұшақтың расында да S7 Airlines рейсі екенін хабарлады.

Ақпараттық арнаның мәліметінше, ер адам баласымен бірге Бішкектен Иркутск қаласына ұшып шыққан. Аталған рейсті дүйсенбі, 26 қыркүйекте Airbus A320 ұшағы орындаған. Оған небәрі үш билет сатып алынған. Мамандардың айтуынша, бұдан басқа күндері жүктеме көбірек (70-100 билет сатып алған).

Олардың айтуынша, рейс жақында, 20 қыркүйекте ашылған.

"Кесте бойынша сейсенбі және сенбі күндері рейс бар, бірақ осы аптада дүйсенбі және бейсенбі күндеріне қосымша рейс болады", - дейді авторлар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1990121-reseige-usyp-baramyz-zelide-eki-aq-zolausymen-usyp-bara-zatqan-aue-kemesinin-videosy-tarady/

pixel