Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда гауһар таспен көмкерілген алтын домбыра сақтаулы тұр

Опубликовано:

алтын домбыра
Алтын домбыра. Видеодан кадр: Отырар арнасы

Түркістандағы "Ұлы Дала елі" орталығында гауһар тастармен көмкерілген, салмағы 4 келі алтыннан жасалған бірегей домбыра сақтаулы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Отырар арнасына сілтеме жасап.

Орталық өкілдері домбыраның ішкі бөлігі ағаштан жасалғанын, бірінші қабаты күміспен қапталғанын, ал үстіңгі жағы алтын және 15 гауһар таспен көмкерілгенін және ішектері де алтын екенін айтады. Домбыраның жалпы салмағы 4 келі. Музыкалық аспап ерекше бақылауда.

"Домбыра тәулік бойы бақылауда, тиісуге болмайды. Бұл домбыра бізге бір жыл бұрын жеткізілген. Бұл - "Алтын домбыра-2021" айтысында жеңімпаз ие болған бас жүлде. Сол айтыста Бекарыс Шойбеков үздік атанған еді. Сондықтан домбыра жеңімпаз атанған облысқа тапсырылды. Келесі айтыста бұл домбыра жеңген айтыскердің өңіріне беріледі", - деп түсіндірді мекеме.

Телеарна мәліметінше, бірегей көрмені тамашалауға келетіндердің қарасы көп. Оның үстіне Қазақстанда зергерлер жасаған бұл алтын домбыраның баламасы жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1992266-turkistanda-gauhar-taspen-komkerilgen-altyn-dombyra-saqtauly-tur/

pixel