Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде күннің жартылай тұтылуы қалай көрінді: желіде қызықты кадрлар пайда болды

Жарияланған күні:

күннің тұтылуы
Күннің тұтылуы. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, 25 қазанда қазақстандықтар күннің жартылай тұтылуының куәсі болды. Мұндай құбылыс соңғы рет 14 жыл бұрын байқалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еліміздің әр өңірінде күннің тұтылуы кезінде түсірілген қызықты кадрлар жергілікті пабликтерде жарияланды. Айта кетейік, күннің жартылай тұтылу құбылысы әр қалада түрлі уақытта байқалды.

Күннің тұтылуы құбылысына өзге елдердің тұрғындары да куә болған. Varlamov News Telegram арнасы хабарлауынша, бұл құбылыс Ханты-Мансийск автономиялық округінде жақсы байқалған. Ал Мәскеу мен Санкт-Петербург планетарийлеріндегілердің айтуынша, мәскеуліктер 63 пайыз күннің тұтылуын, петерборлықтар 59 пайыз күн тұтылу құбылысын байқаған.

Киев, Одесса, сондай-ақ Николаев тұрғындары да күннің тұтылуын фото-видеоға түсіріп алған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, В.Г. Фесенкова атындағы астрофизика институты директорының орынбасары Рашит Валиуллин күннің жартылай тұтылуын елдің барлық өңірінен көруге болатынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1994236-elimizde-kunnin-zartylai-tutyluy-qalai-korindi-zelide-qyzyqty-kadrlar-paida-boldy-foto-video/