jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтөбеде Гимнді бір уақытта 1000-нан астам адам орындады

1
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбеде Гимнді бір уақытта 1000-нан астам адам орындады. Ұлттық мерекеге орайластырылған «Бір Тудың астында» акциясы Ақтөбе қаласының орталық саябағында өтті.

Салтанатты шараға өңір басшысы Ералы Тоғжанов, қала әкімі Асхат Шахаров, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, мемлекеттік органдардың басшылары, барлығы 1000-нан астам адам қатысты.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2
Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2. Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2

Акция барысында мемлекеттілігіміздің бірегей символы көктуымызды көтеру рәсімі өтті.

4
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен бірге қазақ халқының еркін рухы мен ұлттық бірегейлігін дәріптейтін Гимніміз орындалды.

3
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, республика күніне арналған іс-шаралар өңірде 3 қазанда басталды. Оның аясында қайырымдылық, экологиялық, патриоттық акциялар ұйымдастырылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.