"Жын-шайтандар мерекесі": Хэллоуин жайлы ел білмейтін қызықты деректер қандай
Жарияланған күні:
АҚШ пен Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде қазанның 30-ынан қарашаның 1-іне қараған түні Хэллоуин мерекесі атап өтіледі. Мұсылман елдерінің басым көпшілігі бұл мейрамды "шайтандардың" мерекесі деп қабылдаса, Батыс елдері аталған күнді көңіл көтеру мерекесі ретінде қабылдайды. Осы орайда KAZ.NUR.KZ құпияға толы Хэллоуин мерекесі жайлы қызықты деректерді назарға ұсынуды жөн көрді.
anons.uz басылымының мәліметінше вампир, әруақтар мен шайтандар мерекесі бағзы заманда АҚШ-та тойланса, кейін Батыс Еуропа елдеріне, ал кейінгі он жылдықта ТМД елдерінде де танымал бола бастаған. Осы ретте Хэллоуин мерекесі жайлы ел білмейтін қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
- Хэллоуин – әлемдегі ең ежелгі мерекелердің бірі, кей дереккөздерде Хэллоуин 2000 жыл бойы тойналып келеді деген ақпарат бар.
- Хэллоуинді кей елдерде Әулиелер күні, Самайн немесе өлілер күні, өлілер мерекесі деп те атайды.
- Хэллоуиннің Отаны – Ирландия.
- Хэллоуинді сатылым бойынша Рождестводан кейінгі екінші мейрам деп есептейді. Мәселен, мерекеде ең көп сатылатын заттардың (жалпы сатылымның 80 пайызы) бірі – шоколадтан жасалатын тәттілер.
- Хэллоуинге арнайы жасалған ең үлкен асқабақтың салмағы - 1446 фунт (655,895 келі) болған.
- Мерекеде жасалатын "трюк немесе тәтті" дәстүрін ойлап тапқан ирландықтар.
- АҚШ-тың Массачусетс және Миннесота штаттары – әлемдегі Хэллоуин астанасы болып табылады.
- Қара мысық – мейрамның басты символы саналады. Үй жануары қара күштердің қорғаушысы деп қабылданады.
- Мерекенің дәстүрлі түсі – сарғыш пен қара түс, сарғыш түс – молшылықтың белгісі болса, қара түс – о дүниенің белгісі саналған.
- "Джек шамдарын" жасау ирландық дәстүр болып саналады. Мұнда асқабақ пен картоптың ішін тазартып, қалған қабықтан адам бейнесін жасап, ішіне шам жағу дәстүрі болған.
- Жыл сайын Хэллоуинге арналған ең үлкен парад - Нью-Йоркте өтеді.
- 1926 жылдың 31 қазанында белгілі иллюзионист және фокусшы, 20-шы ғасырдың басты "сиқыршыларының" бірі Гарри Гудини қайтыс болған. Оның өлімін көпшілік тылсым күштермен байланыстырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1994817-zyn-saitandar-merekesi-xellouin-zaily-el-bilmeitin-qyzyqty-derekter-qandai/