Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қараша айында туған жұлдыз белгілерінің мінезінде қандай ерекшелік бар

Жарияланған күні:

Қараша айында туған жұлдыз белгілерінің мінездерінде қандай ерекшеліктер бар
Қараша айында туған жұлдыз белгілерінің мінездерінде қандай ерекшеліктер бар: pixabay.com

Күздің соңғы айында туған жандар сырттай ұстамды болып көрінгенімен, олар өзінің бар болмысын ешкімге көрсетпейді. Қараша айында туған адамдардың тағы қандай ерекшеліктері бар? KAZ.NUR.KZ назарларыңызға Алан Окен, Тали және Офира Эдут сынды астрологтар болжамын ұсынады.

Қарашада жұлдыз жорамал бойынша сарышаяндар мен мергендер дүниеге келген. Аталған жұлдыздар су мен от белгісіне жатады, демек олардың мінезі от сияқты. Бірде жалын атып, енді бірде түпсіз терең су сияқты тұңғиық әрі ойшыл болуы әбден мүмкін. Осы орайда қарашаның басында туған сарышаяндарды бұл айда не күтіп тұрғанына тоқталып өтсек.

Сарышаяндар шаян, балық сияқты су белгісіне жататын жұлдыздар. Олардың қолдаушысы Плутон және Марс жұлдыздары. Сарышаяндардың арасында шындықты пен әділдікті жақтаушылар, шынайы күрескерлер көп. Олардың бойындағы ең жақсы қасиеттер:

  • Қайсарлық пен табандылық.
  • Төзімділік, салқынқандылық пен сабырлық

Сондай-ақ олардың бойынан кемшіліктерді де байқауға болады:

  • Тұрақсыздық пен тұйықтық
  • Агрессия мен қатыгездікке бейімділік.

Сарышаяндар темпераменті және қырсықтығы жөнінен мергендерге қатты ұқсайды. Алайда олар мергендермен салыстырғанда өз эмоциясын уақытылы тыя алады және өмірдің әр сәтінен ләззат алуға тырысады.

Сарышаяндар достық пен махаббатта қандай

Сарышаяндар – жақсы дос, алайда олар осы адал достығы үшін өзгелердің де бұларға сый-құрметпен қарағанын, тіпті мақтағанын қалайды. Махаббатта олар сезімге берілгіш, қызғаншақ әрі тез ренжитін жұлдыз белгілері. Десе де олар осы қасиеттерімен өзгелерді өзіне тартып, олардан өз мазаббатын аямайтын болады. Олар өмірде өз теңін тез табады. Алайда махаббатқа тұрақсыз болуы мүмкін. Десе де сарышаяндар өзімен тең келетін әйелдерді кездестіргенде, одан айырылмауға тырысады. Бастысы, әйел адам ақылымен әрі тізгіндей алатын қасиетімен оның жүрегін жаулап алуы тиіс.

Сарышаяндардың мансабы

Сарышаяндар нағыз мансап қуғыш жандар. Олар үнемі өз-өзін қамшылап, жетістікке жетуге ұмтылумен болады әрі өте еңбекқор келеді. Тали және Офира Эдут есімді астрологтар өздерінің "Сарышаяндар жайлы әдіснама" атты еңбегінде оларға қара түс ерекше жарасатынын айтқан. Сарышаяндар келесі мамандықтарға бейім келеді:

  • Тергеуші, криминалист, прокурор.
  • Бала қараушы, бала күтуші, мұғалім.
  • Психолог, психоаналитик, хирург.
  • Жазушы, композитор, репортер.

Сарышаяндар өмірде әзілге бейім, сондықтан олардың арасынан көптеген актер мен әзілкеш шығады. Тез ойлайды, логикалық ойлау қабілеті күшті.

Сарышаяндардың денсаулығы

Сарышаяндар қандай физикалық жүктемені алса да, денсаулығы тез қалпына келуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге олар өмірге қауіп төндіретін экстремалды спорт түрлерін де ұнатады. Сарышаяндарға тыныс алу, жүрек, қан тамырлары және беліне сақ болған жөн.

Қатты шаршаса да, оны білдірмей, тағы да қосымша жүктемелерді алуы әбден мүмкін. Десе де денсаулық сыр берген уақытта сарышаяндар табиғатқа, сулы жерге барып, тыныққан дұрыс. Олар осы арқылы өздеріне энергия жинайды.

Қараша айында туған жұлдыз белгілерінің мінездерінде қандай ерекшеліктер бар
Қараша айында туған жұлдыз белгілерінің мінездерінде қандай ерекшеліктер бар: pixabay.com

Қараша айының соңында туылған мергендер жайлы не білеміз

Қараша айының соңында туған жандар – мергендер. Олар тауешкі мен арыстандар сияқты от белгісіне жататын жандар. Ал мергендердің қолдаушысы Юпитер – табыс пен рухани байлықтың, таусылмайтын энергияның планетасы.

Мергендер тез тіл табысатын, өте ашық әрі энергияға толы жандар. Олар тым әділ, кейде тіпті асыра шыншылдығымен көпке жақпай қалатын қасиеті де бар. Бойындағы жақсы қасиеттер:

  • Ізденімпаз әрі белсенді;
  • Әділ, шыншыл әрі батыл.

Астролог Алан Окен мергендерді материалдық әрі рухани тұрғыда баюды қалайтын жұлдыздар дейді. Мінезінің ашықтығына қарамастан, мергендерде де кемшілік бар. Олар:

  • Тұрақсыздық, мың құбылу және еркіндікті сүюі;
  • Сөзі мен ісінің бір жерден шықпайтыны, ашушаңдығы.

Мергендер ішімдікке әуес болып келеді әрі өздерін тым қатты ойлайтын жандар.

Қараша айында туған жұлдыз белгілерінің мінездерінде қандай ерекшеліктер бар
Қараша айында туған жұлдыз белгілерінің мінездерінде қандай ерекшеліктер бар: pixabay.com

Мергендер достық пен махаббатта қандай

Women’s Health журналы редакторының көмекшісі Эддисон Алоян мергендерді сипаттай келе, олар бір кеште барлық қонақпен танысып үлгеретін жандар дейді. Олар жалғыз өзі, елден оқшау өмір сүре алмайды, сол себепті әлемнің әр түкпірінде мергендердің бір-бір досы бар.

Мергендердің бойынан табылатын тағы бір қасиет – сөзге шебер, осы арқылы олар кез келген адаммен тіл табысып кете алады.

Мергендер шын сүйсе, екінші тараптың да өзін сүйгенін қалайтын болады. Алайда ол сүйіктісіне тез суып, басқа адамды тез табуы мүмкін. Мергендер жаныңыздан табылсын десеңіз, ақыл пен айлакерлік, сондай-ақ мінезіңіз барынша жеңіл әрі ашық болуы қажет.

Мергендердің мансабы

Мергендер мақсатқа жету жолында барын салады. Олар мансапта ұйымдастырушылық қасиетінің, төзім мен өздеріне деген сенімділігінің арқасында жетістікке жете алады. Олардың арасынан:

  • Көшуге тікелей байланысы бар мамандар (сауда агенті, жүргізуші)
  • Пилот, автожүргізуші, каскадер, құтқарушы, әскери адам.

Мергендер басшылық тарапынан қысымды ұнатпайды, сол себепті ол еркін жұмыс жасағанды қалайды. Сол себепті көптеген мерген өзіне жұмыс жасайды.

Мергендердің денсаулығы

Мергендердің иммунитеті күшті болады. Мергендер көп жағдайда суық тиюмен жиі ауырады. Олардың ағзасындағы ең әлсіз тұстары – бауыр, өкпе және ас қорыту жүйесі. Сондай-ақ оларға майлы тағамдарды жеуден, ішімдікті көп ішуден бас тартқан абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1994830-qarasa-aiynda-tugan-zuldyz-belgilerinin-minezinde-qandai-erekselik-bar/